Қоғам • 11 Қараша, 2019

Елордадағы жарықсыз қалған бірқатар ғимаратқа электр энергиясы берілді

129 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордадағы жарықсыз қалған бірқатар әкімшілік ғимараттар мен тұрғын үйлерге электр қуаты берілді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Елордадағы жарықсыз қалған бірқатар ғимаратқа электр энергиясы берілді

Барлық 9 көппәтерлі тұрғын үй кешені, сондай – ақ Ақорда, Парламент Сенаты, Мәжіліс, Министрліктер Үйі, Үкімет Үйі, Жоғарғы Сот - электрмен жабдықталды.

Сонымен қатар 9 көппәтерлі тұрғын үй жарықпен қамтылды, олар - «Уют», «Краун Плаза», «Тұмар» (2 үй), «Арт Хаус», «Вива плаза», «Алатау», «На водном зеленом бульваре». «Бәйтерек» монументін, «Изумрудный квартал» бизнес орталығын, «Керуен», Ұлттық кітапхана мен Ұлттық мұрағат ғимараттарын жарыққа қосу бойынша жұмыс жүріп жатыр.

«Бәйтерек» монументін, «Изумрудный квартал» бизнес орталығын, «Керуен», Ұлттық кітапхана мен Ұлттық мұрағат ғимараттарын жарыққа қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Кәбілдік желілерді 15 адамнан тұратын авариялық-қалпына келтіру бригадасы мен  6 арнайы техника қалпына келтірді. Ғимараттарды электрмен жабдықтау өрт сөндіру бригадаларына рұқсат беру кезінде электр тоғымен зақымданудан қауіпсіздік мақсатында ажыратылды.

Апатты қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатқан орынға қала әкімі Алтай Көлгінов барып, апаттың себебін анықтауды тапсырды. Қазір тексеру жұмыстары басталды.

Соңғы жаңалықтар