Спорт • 11 Қараша, 2019

Фатима Ирназарова нысана көздеуден Азия чемпионы атанды

206 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Катар астанасы Дохада нысана көздеу және стенд ату спортынан лицензиялық Азия чемпионаты жалғасып жатыр. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

Фатима Ирназарова нысана көздеуден Азия чемпионы атанды

Қазақстандық Фатима Ирназарова пневматикалық винтовкамен жылжымалы нысана көздеуден құрлық чемпионатында топ жарды. Екінші орында қытайлық Зен Янг, үшінші сатыда Солтүстік Корея өкілі Джи Е Ри. 

Командалық есепте Қазақстан үшінші орынға тұрақтаған. 

Айта кетейік, нысана көздеуден команда мүшесі Юрий Юрков 50 метрге үш позиция бойынша нысана көздеуден Токио Олимпиадасына жолдама алды.