Қазақстан • 11 Қараша, 2019

Әлем саясаткерлері елордада жиналды

208 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада «Астана Клубы» саяси форумының бесінші мерейтойлық отырысы басталды.

Әлем саясаткерлері елордада жиналды

Дәстүрлі кездесудің бірінші күнінде «Еуразия 2020 үшін 10 басты сын-қатер» тәуекелдер рейтингісінің екінші басылымының тұсауы кесілді.

Аталмыш зерттеу жұмысына ірі БАҚ пен халықаралық институттар және мемлекет көшбасшылары пікіріне құлақ асатын 40 беделді сарапшы мен саясаткер қатысты. Бұдан бөлек, 70 елдің 1100–ден аса кәсіби сұхбаткері сауалнамаға тартылды.

Ауқымды зерттеу жұмысының қорытындысы туралы сарапшыларға жоба жетекшісі Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының директоры (ӘЭСИ) Ержан Салтыбаев және рейтингтің тең авторлары Словения президенті (2007-2012) Данило Тюрк, Карнеги қорының вице-президенті Эван Фейгенбаум (АҚШ), сондай-ақ ПИР-орталығының төрағасы, генерал-лейтенант Евгений Бужинский (Ресей) тарқатып айтып берді.

Жыл сайынғы рейтингті әзірлеудегі басты мақсат – Еуразия аймағындағы мейлінше өзекті сын-қатерлерді сценарлық болжау мен бағалау.