Бес күн бойы Қазақстанның түкпір-түкпірінен 180-нен астам спортшы үздік атану үшін бақ сынады. Атлеттер төрт пән бойынша сынға түсті. Атап айтқанда спорттық винтовкадан ату, 100 метрге еркін жүзу, 60 метрге спринт және 3000 метрге шыдамдылыққа жүгіру.
Жарыс қорытындысы бойынша өздерінің жас топтары бойынша армиялық спортшылар Александр Горбачев (абсолюттік есепте 1 орын), Александр Исмаилов (абсолюттік есепте 2 орын) және аға лейтенант Максим Губарев чемпион атанды. «Күміс» жүлдені ефрейтор Ағыбай Нығыметов қанжығасына байлады. ҚР ҚМ Армия орталық спорт клубының спортшылары Қазақстан Қарулы Күштерінің қоржынына төрт алтын және екі күміс медаль әкелді.
«Спортшылар арасындағы сайыс тартысты өтті. Армиялық спортшылар дене дайындығы мен шеберліктерін, кәсібилігін көрсетіп, лайықты өнер көрсетті. Чемпионат нәтижесі бойынша біздің балалар спорттық клубтар арасында бірінші командалық орынға ие болды», деді әскери көпсайыс бойынша ЦСКА командасының бастығы аға лейтенант Максим Губарев.