Саясат • 12 Қараша, 2019

Бағдарламаларға белсенді қатысады

235 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

ЕО-ның Орталық Азия бойынша жаңа стратегиясы шеңберінде Еуропалық даму бағдарламаларын іске асыруға Қазақстанның тиімді қатысуы біздің еліміздің және жалпы өңірдің тұрақты дамуын қамтамасыз етудің маңызды құралдарының бірі болуы мүмкін.

Бағдарламаларға белсенді қатысады

Қазақстан Республикасының Сырт­қы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің Астана клубының 5-ші мерейтойлық оты­­рысына қатысу мақсатында Нұр-Сұлтан қаласына сапармен келген ЕО-ның Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Петер Бурианмен өткен келіссөзінің негізгі арқауы осындай.

Кездесу барысында экология, цифр­лы даму, гума­ни­тарлық алмасу және тұрақты өзара байланыс мәсе­лелері секілді перспективалы бағыт­тар бойынша Қазақстан мен Еуро­палық одақ арасындағы әріптестік қатынастарды нығайту мәселелерін қоса алғанда, халықаралық және өңірдің күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша жан-жақты пікір алмасу өтті.

Сыртқы саясат ведомствосының бас­шысы 2019 жылы Ор­талық Азия бойын­ша жаңа стратегияның қабылдануы мен 2015 жылғы 21 желтоқсанда Нұр-­Сұлтанда қол қойылған ҚР-ЕО Ке­ңейтілген әріптестік және ынтымақ­тастық туралы келісімді ратификациялау рәсімінің аяқталуы екіжақты қарым-қатынастар тарихында маңызды оқиға болғанын атап өтті.

«Біз Қазақстан-Еуропа қатынас­тарының сапалы жа­ңа кезеңінің басталуын білдіретін осы стратегиялық құ­жат­тарға үлкен үміт артамыз. Олардың табысты жүзеге асыры­луы, бірінші кезекте, Қазақстан мен Еуропалық одақ ара­сындағы өзара тиімді сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты арттыруға мүмкіндік беретініне сенім білдіремін», – деді ол.

Еуропалық дипломат Қазақстан Орта­лық Азия бойынша жаңа страте­гияны іске асыру бойынша Еуро­пада маңызды серіктес ретінде қабыл­данатынын атап өтті. П.Буриан еліміздің Орта­лық Азия мен Ауғанстандағы сая­си және сауда-экономикалық ынтымақтастықты, сондай-ақ халық­ара­лық қауіпсіздікті нығайтудағы рөліне ерекше тоқталып өтті. Осы орайда еуропалық тарап өңір үшін жалпы бюджеті 55,6 млн еуроны құрайтын үш жаңа бағдарламаның іске қосылғаны туралы хабардар етті. Бұл жобалар Орта­лық Азиядағы инвестицияларды, бәсе­кеге қабілеттілікті және сауданы қолдауға бағытталған.

Кездесу аясында жоғары деңгейдегі басқосуларды, ынты­мақтастық кеңеске, конференциялар мен дөңгелек үстел­дерге қатысуды қамтитын ҚР-ЕО және ҚР-ОА ынты­мақ­тастық форматы бойынша 2020 жылға арналған іс-шара­лардың перспективалы күнтізбесіне ерекше назар аударылды.