Екі күндік операция жүргізу барысында осындай 104 құқық бұзушылық, оның ішінде интернет-пайдаланушыларға қа-тысты 46 алаяқтық, 18 авторлық және сабақтас құқықтарды бұзу, ақпараттандыру және байланыс саласында 13 құқық бұзушылық, 12 ІТ-технологияларды пайдалана отырып жасалған ұрлық, 9 порнографияны және арнайы техникалық құралдарды таратудың 6 фактісі анықталды.
Еркін айналымда тыйым салынған мыңнан аса өнім алынды, операцияға даярлық барысында бұрын жасалған 140 интернет-алаяқтық ашылды.
Мәселен, Алматы қаласында Жамбыл облысының тумасы ұсталды, ол сауда интернет-алаңдарында автобөлшектерді сату және жеткізу туралы жалған жарнамалар орналастырып, ақшаны банктік карточкалармен алып, кейін жарнамаларды жойған және абоненттік нөмірін ажыратқан. Қазіргі уақытта оған қатысты алаяқтықтың осындай 10-нан аса фактісі дәлелденді.
Соңғы жылдары Интернет желісін алаяқтық мақсатында пайдалана отырып жасалатын құқық бұзушылықтардың саны өсуде. Адамдарды алдау үшін алаяқтар әлеуметтік желілерді, сауда интернет-алаңдарын пайдаланады, жалған интернет-дүкендер, «фейктік» (жалған) парақшалар және сайттар құрады.
Осыған байланысты, ІІМ қауіпсіздік шараларын еске салады:
– құпия сөздерді үнемі ауыстырып отыру, олар күрделі болуы қажет;
– төлем жүйелеріндегі барлық қауіпсіздік жүйелерін қосу: смс растау, ІР-мекенжайларды қадағалау, 3D-secure және т.б.;
– картаны қараусыз қалдыру, деректерді ешкімге бермеу, өйткені пластикті картадан ақшалай қаражат алу үшін картаның нөмірін және CVV-кодын (картаның артындағы соңғы үш сан) білгені жеткілікті;
– Картаны мобильді банк қызметіне қосу.
Банктер және төлем жүйелері ешқашан хат жолдамайды және олардың қызметкерлері өз клиенттеріне олардың шоттарының деректерін жолдау туралы өтінішпен қоңырау шалмайтынын есте сақтау қажет.
Ақпараттандыру және байланыс саласындағы құқық бұзушылықтардың жолын кесу және ашу бойынша жұмыс жалғасуда.