Қоғам • 12 Қараша, 2019

Нұр-Сұлтанда «адалдық сағаты» өтті

2125 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен барлық білім беру мекемелерінде республикалық «Адалдық сағаты» акциясы ұйымдастырылды.

Нұр-Сұлтанда «адалдық сағаты» өтті

Іс-шараға агенттіктің аумақтық департа­мент­те­рінің басшылары, «Адалдық алаңы» жоба кеңсесінің менеджерлері, Арнайы мониторингтік топтың мүшелері, білім басқармаларының өкілдері, қоғам қайраткерлері, сондай-ақ Nur Otan партиясының мүшелері қатысты.

Іс-шараның басты мақсаты – рухани құндылық­тарды жоғары қоятын парасатты, саналы жастарды қалыптастыру.

Елордалық департамент басшысы Нұрлан Қыдырбаев «Адалдық сағаты» акциясы барысында мектеп оқушыларымен кездесу өткізіп, өскелең ұрпақ арасында адалдық мәдениетін қалыптастыру қағи­далары, әділ және адал еңбек ету, рухани-адамгершілік құндылықтар туралы айтты. «Парасат­­тылық дегеніміз не?» деген сұраққа ұлы ойшылдың «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» деген нақыл сөздерімен мысал келтіріп, түсіндіріп берді.

 «Адалдық сағаты» республикалық акциясы аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментімен 6, 7, 8-сынып оқушылары үшін 16 мектепте кездесулер өткізілді. Іс-шарада 2,7 мыңнан астам адам қамтылды.

Жастар арасында адалдық, парасаттылық қағи­дат­­тарын дамыту жөніндегі шаралар тұрақты негіз­де өткізілетін болады.