Спортшыларды ұлттық құрама сапына іріктеу мақсатында ұйымдастырылып отырған шараның ашылу салтанатына Ақпарат және қоғамдық даму министрі, республикалық Қазақ күресі федерациясының президенті Дәурен Абаев қатысып, балуандарға сәттілік тіледі.
Министр өз сөзінде тарихы ұлттың өткенімен сабақтасып жатқан күрестің даму көрсеткіштеріне тоқталды. Осыдан он жылдай бұрын қазақ күресімен еліміз бойынша 20 мыңдай адам айналысса, қазір олардың қатары 116 мыңға жеткен. Бұл ұлттық күресті ұлықтау бағытында жүзеге асып жатқан жобалардың жемісі.
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен еліміздің барлық облысынан 500-ге жуық спортшы жиналып, 16 салмақ дәрежесінде шеберлік байқасатын чемпионаттың алғашқы белдесулері 90, 100, 100 + кило салмақтағы балуандар арасында өтті.
Жарыстың соңғы күні, 14 қарашада бозкілемге балуан қыздарымыз шығады.
Мұрат ЖЕТПІСБАЕВ,
«Egemen Qazaqstan»
Қызылорда