Экономика • 12 Қараша, 2019

6 мың шақырым жол ақылы болады

314 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2024 жылға қарай республикалық маңызы бар жолдардың 11 мың шақырымы ақылы болмақ. Бүгінгі таңда жол учаскелерінде төлем алу жүйесін енгізу және оған қызмет көрсету жобасына инвестициялық конкурс жарияланған.

6 мың шақырым жол ақылы болады

Жолдарды ақылы етуге ба­ғытталған жоба 2 кезеңде ен­гізіледі деп жоспарлануда. Ал­ғаш­қы кезеңде, яғни 2020 және 2021 жылдар­дың аралығында автомобиль жолдарының 6 мыңға жуық шақырымы ақылы болады. Бұл – «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзит­тік дәлізінің, Нұр-Сұлтан – Қоста­най – РФ шекарасы, Щучинск – Петропавл, Нұр-Сұлтан – Павлодар, Қал­батау – Павлодар – РФ шекарасы (Ом­быға), Таскескен – Бақ­т­­ы, ­Қапшағай – Талдықорған, Аты­рау – Орал, Атырау – Дос­сор – Бейнеу – Ақжігіт – Өзбек­стан Рес­публикасының шекарасы және Ақтау – Бейнеу жолдарының учаскелері. 2022 және 2023 жыл­дар аралығында автомобиль жол­дарының қалған 5 мың шақы­рымын ақылы етудің екінші кезе­ңін жүзеге асыру көзделген.

Айта кету керек, бүгінгі таңда ақылы «Нұр-Сұлтан – Щучинск», «Нұр-Сұлтан – Теміртау, «Алматы – Қорғас» және «Алматы – Қап­шағай» жолдарынан түскен қара­жат­тың жалпы сомасы 4 млрд тең­ге­ден асады. Жиналған қаражат аталған жол учаскелері мен төлем қабылдау жүйесін күтіп ұстауға жұмсалады.