Шараға әлемнің 23 мемлекетінен геосаясат, экономика мен халықаралық қатынастар саласының сарапшылары ретінде мойындалған 50-ден астам халықаралық спикер қатысуда.
Құрметті меймандардың қатарында 3 бұрынғы мемлекет басшысы, 5 экс-премьер-министр, 10 министр және 1 Нобель сыйлығының лауреаты бар. Форумға қатысып жатқан сарапшылардың географиясы кең. Атап айтсақ, АҚШ, Испания, Италия, Ресей, Жапония, Сербия, Австрия, Норвегия, Қытай, Үндістан, Бельгия, Ауғанстан, Швеция, Португалия, Оңтүстік Корея, Египет, Бангладеш, Словения, Қырғызстан, Иран, Ұлыбритания, Пәкістан елдері бар.
«Астана клубы» отырыстарының бір бөлігі «Chatham house» ережелеріне сай өтеді. Талқылау жабық сипатта өтеді. Бүгінгі жиын Еуразия мен әлемнің ең өзекті мәселелерінің өткір әрі ашық талқылануына мүмкіндік береді.