Суретті түсірген Ж. ҚҰСПАНОВ
Сапар барысында Вьетнам Ұлттық Жиналысының Төрағасы Нгуен Тхи Ким Нганмен және осы елдің жоғары мемлекеттік билік органдарының басшыларымен келіссөздер өткізу жоспарланған.
Сондай-ақ Нұрлан Нығматулин Ханой университетінің профессорлық–оқытушылар құрамымен кездесіп, Абай атындағы ғылыми және мәдени орталығына барады.
Дананг қаласындағы келіссөздер барысында қазақстандық-вьетнамдық ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары талқыланады. Онда Мәжіліс Төрағасы Вьетнамның экономикалық мүмкіндіктерімен танысады.