Қазақстан • 13 Қараша, 2019

Киік мүйізін шекарадан алып өтпек болған Ресей азаматы ұсталды

196 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шекара қызметі ірі көлемдегі киік мүйізін алып өтпек болған азаматтың жолын кесті. Бұл туралы қызметтің баспасөз қызметі хабарлады.  

Киік мүйізін шекарадан алып өтпек болған Ресей азаматы ұсталды

«2019 жылғы 13 қарашада Орал шекара жасағының «Ақсай» шекаралық бақылау  пунктінде Қазақстаннан Ресейге «Рено» автомашинасымен кетіп бара жатқан 1983 жылғы туған РФ азаматы ұсталды. Шекара наряды автокөліктің жүк салғышын тексеру барысында жалпы салмағы 29 кг жаңа кесілген 128 дана киіктің мүйізі табылды. Алдын ала болжамды бағасы 242 400 000 теңгені құрайды» делінген хабарламада. 

Аталған факті «Жоғалып кету қаупі бар және сирек, сондай-ақ қолдануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарларды заңсыз аулау» бойынша ҚР ҚК 339-бабымен қарастырылады.