Саясат • 14 Қараша, 2019

Саяси консультациялар өзегі – серіктестік

11 реткөрсетілді

Қазақстан мен Бельгия экономикалық дипломатияға баса назар аударып, саяси саладағы жан-жақты ынтымақтастықты және халықаралық платформалардағы өзара іс-әрекеттерді күшейтуге ниетін білдірді. Бұл кеше өткен Қазақстан-Бельгия саяси консультацияларының негізгі тақырыбы болды.

Қазақстан делегациясын Сыртқы істер ми­нистрінің орынбасары Роман Василенко, ал Бель­гия делегациясын Сырт­қы істер министрлігі Екі­жақты ынтымақтастық ди­рек­циясының бас директоры Аник Ван Калстер бас­қарса, дипломаттар сая­­си, экономикалық, мә­дени және гуманитарлық ынты­мақ­тастықтың кең ауқымды мәселелерін, сондай-ақ ха­лық­аралық күн тәртібін жан-жақты талқылады.

Экономикалық дипломатия шеңберінде тараптар өсімнің оң динамикасын растады және энергетика, ауыл шаруашылығы, м­еди­циналық қалдықтарды өңдеу және басқа да салалардағы табыс­ты өзара әрекеттесуді атап өтті. Қазақстанда «John Cockerill», «Carmeuse», «Orfit» және басқа да бель­гиялық компаниялар­мен бірлескен жоб­алар іске қосылды. Бель­гия – Қазақстан эконо­ми­касындағы ең ірі инвес­торлардың бірі. Аталған ел компаниялары Қа­зақ­станға 7 млрд АҚШ доллары­нан астам тікелей инвестиция салды.

А.Ван Калстер Валло­ния­ның экспортқа және шетелдік ин­вес­­тицияларға ықпалдасу «AWEX» агент­тігінің және Фланд­рия­ның Инвестицияларды тарту және экспортқа ықпалдасу «FIT» агенттігінің басшы­л­ы­ғы­мен Бельгия кәсіп­орын­­дарының Қа­зақстанға қатысты екі жылда бір рет ұйымдас­тырылатын іскерлік мис­­сия­сының тиімділігін ерек­ше атап өтті. Біздің елі­мізге жасаған эконо­ми­калық сапар­лар­дың сәт­ті тәжірибесін ескере оты­рып, Бельгия тарапы осын­дай миссияларды жыл са­йын өткізу мәселесін қарас­тыруда.

Қазақстанның инвес­тиция­лық ахуалын талқы­лай отырып, Р.Василенко Премьер-Министрдің төр­­ағалығымен өтетін үй­лес­тіру кеңесі, шетелдік инвес­тицияларды тарту мен­ қолдаудың үш деңгейлі жүйесі, «Kazakh Invest» қыз­меті туралы айт­ты. Қазақстан делегация­сы «Астана» халықаралық қар­жы орталығының негізінде іскерлік байланыстарды дамыту перспективаларына ерекше назар аударды.

Сонымен қатар ұста­нымдарды үйлестіру және қазіргі заманның өзекті мәсе­лелерін шешу үшін ха­лық­­аралық және аймақтық ұйым­дар шеңберіндегі өзара ықпал­дастықтың мәселе­лері қарас­тырылды. А.Ван Калстер Қазақ­станның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі­нің 2017-2018 жылдардағы тұ­рақ­ты емес мүшесі ре­тін­дегі маңызды рөлін, халық­аралық қауіпсіздікке қосқан зор үлесін атап өтті. 2019 жыл­дың 1 қаңтарында Бель­гия БҰҰ Қауіпсіздік Кеңе­сінің тұрақты емес мүшесі ретіндегі миссиясына кірісті және 2020 жылғы ақпанда Кеңестің төрағалығына дайындалуда.

Еуропалық одақпен ынты­мақтастық аясында тараптар Ке­ңей­тілген серік­тестік пен ын­тымақ­тас­тық туралы келісімнің кү­шіне енуінің және 2019 жыл­дың маусым айында қабыл­данған Еуропалық одақтың Орталық Азия бойынша жа­ңа стратегиясын іс жү­зінде іске асырудың маңыз­дылығын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бо­йынша тараптар Қазақ­стан-Бельгия қатынас­тарын барлық салада одан әрі сапалы дамыту және кеңей­ту үшін бірлескен күш-жі­герді жұмсауға дайын екен­діктерін мәлімдеді.

 

 

Соңғы жаңалықтар

Таразда су тарифі көтеріледі

Аймақтар • Бүгін, 16:40

Ауыр атлеттер Катарға аттанады

Ауыр атлетика • Бүгін, 12:08

Жақсы ауданындағы жақсы істер

Аймақтар • Бүгін, 11:49

Көпбалалыларға көмек

Аймақтар • Бүгін, 11:41

Күлкі керуені № 22

Руханият • Бүгін, 09:45

Фариза ақынның ұстазы

Руханият • Бүгін, 07:41

Армениямен ынтымақтастық дамиды

Парламент • Бүгін, 07:37

Жастар сыйлығы тапсырылды

Қоғам • Бүгін, 07:33

Әлдибастау әулиесі

Руханият • Бүгін, 07:23

Тәу етер жалғыз киеміз

Қоғам • Бүгін, 07:18

Көзін тапқанға кәсіп көп

Қоғам • Бүгін, 07:13

Темір жолды жағалап топ бала жүр

Аймақтар • Бүгін, 07:08

Бірқатар кездесу өткізді

Президент • Бүгін, 07:04

Ұқсас жаңалықтар