Қазақстан • 15 Қараша, 2019

Елорда орталығында автокөлік өртенді

1 мин
оқу үшін

Елордада «Нива» көлігі жанып кетті. Бұл туралы Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Елорда орталығында автокөлік өртенді

«15 қарашада сағат 17.10 кезінде Нұр-Сұлтан қаласының «101» пультіне «Нива» көлігінің өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына өрт сөндірушілер келгенде автокөліктің қозғалтқыш бөлігі мен салоны өртеніп жатқанын анықтаған», делінген хабарламада.

Комитет мәліметіне сүйенсек, уақытылы қолға алынған шаралардың арқасында өрт бар-жоғы екі минуттың ішінде толығымен ауыздықталған. Зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 7 адам мен 1 арнайы техника жұмылдырылған.

 



Соңғы жаңалықтар

Жалған жаланың құрбаны

Қоғам • Бүгін, 14:12

Алаш арысының адал жары

Қоғам • Бүгін, 14:03

Ардақты есімге лайық ұлан

Қоғам • Бүгін, 13:50

Лондондағы Мисс Кәусар

Қоғам • Бүгін, 13:45