Руханият • 19 Қараша, 2019

Junior Еurovision: Ержан Максим 10-шы болып өнер көрсетеді⠀

205 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Польшада Балалар Евровидениесінің ашылу салтанаты өтті. Қазақстанның өкілі Ержан Максим 10-шы нөмірде өнер көрсететін болды. Ол «Арманыңнан қалма!»  деп аталатын әнін  Уэльс қатысушысынан  кейін орындайды.

Junior Еurovision: Ержан Максим 10-шы болып өнер көрсетеді⠀

Ереже бойынша жеңімпазды телекөрермендердің дауыс беру нәтижесі мен  құрамына үшеуі ересек және екеуі балалардан құралған  5 адам,  байқауға қатысушы елдердің төрешілері анықтайды.

Қазақстандықтар тек қана Ержанға ғана емес, сонымен қатар өздеріне ұнаған өзге елдердің қатысушыларына дауыс беру мүмкіндігіне ие. Көрермендердің дауыс беруі  junioreurovision.tv сайтында байқаудың финалына дейін 23-24 қараша күндері өтеді. Дауыс беру аяқталғаннан кейін, көрермендердің  өз сүйікті әншілеріне дауыс берулеріне тағы да 15 минут уақыттары болады.

Еске сала кетейік, байқаудың ақтық мәресі 24 қараша болады. Қазақстандықтар оны тікелей эфирде, «Хабар» телеарнасынан 21.00-де тамашалай алады.

2

6