Аймақтар • 19 Қараша, 2019

Қостанайда жас архившілердің бірінші форумы форумы өтті

178 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Республикалық «Рухани жаңғыру», «Архив-2025» бағдарламалары, сонымен қатар Жастар жылы аясында жас архившілер форумы өтті. Форум кешенді сипат алып, онда шаралар түрлі формада ұйымдастырылды.

Қостанайда жас архившілердің бірінші форумы форумы өтті

Форум шеңберінде жас мамандар пікірталасқа, талдауға қатысты, архив ісінен оқу-үйрету сағаттары мен баяндама да жасалды. Жастардың басқосуын ашқан облыстық архив директоры Байбосын Мұрзин шараның мақсаты жас буынның архив ісіне машықтануын қалыптастыру, шығармашылық қарымын дамыту және архив ісі мамандығын таныта түсу екенін айты.

«Архив ісі көз майын тауысатын төзімділікті, білімділікті қажет етеді. Әр жұмыстың, әр мамандықтың қиындығы бар. Жастар оны жүрекпен қалағанда ешқандай кедергі мен қиындықты сезінбейді, өйткені еңбек бәрін де жеңеді» деді Байбосын Байбатырұлы. Облыстық ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы бастығының міндетін атқарушы Салтанат Ташанова форумның тек жастар емес, тәжірибелі мамандар үшін де маңызы зор екенін айтты. Қазір бұл салада да цифрландыру үдерісі жүріп жатыр. Архив ісі саласында белсенді кәсіби дамып келе жатқан жастар соңғы жылдары мамандардың 30 пайызын құрайтынын тілге тиек етті. Облыстық жастар ісі басқармасының басшысы Марат Жұрқабаев Жастар жылы қойылған мақсаттар мен олардың жүзеге асуына тоқталды.

Форумда жас архившілер де өз ойларымен бөлісті. Ал форумның екінші бөлігінде оған қатысушылар саланың проблемалары мен жетістіктерін, мамандар дайындау мәселесін, өз тәжірибелерін ортаға салды. Форумға қатысқан «ГАКО» мемлекеттік мекемесі ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы Элмира Ағажанова жастарды бүгінгі қағаз құжаттарды өңдейтін инновациялық бағдарламаларды алып отырған түрлі елдер мен мемлекеттердегі электрондық архивтермен таныстырды.