Руханият • 19 Қараша, 2019

Нұрлан Ноғаев: Рахымжан Отарбаев прозада да, драматургияда да өз орнын тапқан адам

410 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Атыраулықтар бес күн бойы Рахымжан Отарбаевтың  III Республикалық фестиваліне келген театр ұжымдарының өнерін тамашалай алады. Бұл туралы Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Нұрлан Ноғаев: Рахымжан Отарбаев прозада да, драматургияда да өз орнын тапқан адам

III фестивальдің ашылу салтанаты Құрманғазы атындағы мәдениет үйінде өтті. Көрнекті өнер қайраткерлері Асанәлі Әшімов пен Талғат Теменов шараға құрметті қонақ ретінде қатысты. Көрермен  еліміздің түрлі өңірлерінен келген тоғыз өнер ұжымын қошеметпен қарсы алды.

Фестивальдің ашылуына Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев қатысып, сөз сөйледі.

-  Рахымжан Қасымғалиұлы проза мен драматургияда өз орнын тапқан адам. Әлеуметтік проблемаларға ешқашан бей-жай қарамай, ұлтжанды азамат болған ол  тек біздің өңіріміздің емес, бүкіл қазақтың мақтанышы. Рахымжан Отарбаев Әбіш Кекілбаевтың, Әбу Сәрсенбаевтың, Хамит Ерғалиевтің, Фариза Оңғарсынованың асыл қазынасының мұрагері. Ұлттық мәдениетіміз бен өнеріміздің дамуына өлшеусіз үлес қосқан оның талантын басқа жұрт та танып, шығармалары бірнеше әлем тілдеріне аударылды. Уақыт бөліп, фестивальге арнайы келіп қатысып отырған  Рахымжан ағамыздың ағайындарына, дос-жолдастарына ризашылығымды білдіремін. Осы фестивальге келген театр ұжымдарына, басшыларына алғысымды айтамын. Сіздердің өнерлеріңіз көрерменге қуат береді, - деді өңір басшысы.                   

Қазақстанның Еңбек ері, қазылар алқасының төрағасы Асанәлі Әшімов Рахымжан Отарбаевтың мәдениет саласындағы, соның ішінде, театр өнеріндегі еңбегін атап өтіп, драматургтің адами, азаматтық қасиеттерін сипаттады.

8

Рахымжан Отарбаевтың ұлы Ермерей Рахымжанұлы фестиваль қонақтары мен атыраулықтардың ыстық ықыласына ризашылығын білдірді.

- Осы шара басталғалы  елдің әкеме, оның шығармашылығына деген құрмет сезімін байқап отырмыз. Сондай-ақ осы фестивальге келген барлық әртістерге әкеме деген сый-құрметтеріңіз үшін алғысымды айтамын,  - деп Е.Отарбаев лебізін білдірді.  

Фестиваль шымылдығы Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық музыкалық-драма театрының «Әміре» драмасымен ашылды.

8

4