«Заң жобасының негізгі мақсаты – Қазақстан мен Түркия арасындағы тең құқықтық және өзара тиімділік қағидаттары негізінде ұзақ мерзімді әскери ынтымақтастықты одан әрі дамыту. Құжатты ратификациялау Қазақстанның әскери саладағы мүмкіндіктерін кеңейтеді және екі мемлекет арасындағы әскери ынтымақтастықты дамытуға оң әсер етеді», деп атап өтті комитет төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрік Республикасының Үкіметі арасындағы Әскери ынтымақтастық туралы келісімге 2018 жылғы 13 қыркүйекте Анкарада қол қойылған болатын.
Заң жобасын әзірлеушілер екі ел арасында бірлескен оқу-жаттығулар мен ғылыми және техникалық зерттеулер жүзеге асатынын, сондай-ақ қорғаныс өнеркәсібі мәселелері талқыланатынын атап өтті.
Құжаттар Палатаның қарауына берілді.