Қоғам • 19 Қараша, 2019

Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлемеген азаматтардың тізімін жаңартты

236 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2019 жылдың 3 қарашасындағы жағдай бойынша 1 млн теңгеден жоғары салық төлеуден қарызы бар азаматтардың жаңартылған тізімін ұсынды.

Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлемеген азаматтардың тізімін жаңартты

Мемлекеттік кірістер департаменті мүлік, жер және көлік салықтарын төлемеген  жағдайда  жеке тұлғаларда салықтық берешек және өсімпұл өтеу қажеттілігін ескертеді.

Салықтық берешек  туралы  хабарлама  салық төлеушіге  салық берешегі есептелген  күннен бастап 20 жұмыс  күнінен кешіктірмей  жіберіледі.  Егер де  хабарлама алған күннен  бастап  30 жұмыс  күнінде жеке тұлға берешегін өтемеген жағдайда салық берешегін өндіріп алу туралы бұйрығы  шығарылып, 5  жұмыс  күн ішінде жеке тұлғаға  жолданады.

Егер де, жеке тұлға салыктық бұйрықты алғаннан кейін 5 жұмыс  күні ішінде  берешегін өтемесе, аталған бұйрық сот орындаушыларға мәжбүрлеп өндірілуіне жіберіледі. Сот орындаушы  салыктық бұйрықты  алғаннан бастап мәжбүрлеп өндіру  жұмысын бастайды, жұмысты атқару барысында жеке тұлғаның мүлігіне, жер және көліктеріне,  жеке шоттарына,  сонымен қатар шет  елдерге шығуына шектеу қояды.

Сонымен қатар Мемлекеттік кірістер департаменті жеке тұлғаға салықтық берешектерін өтеуден басқа сот орындаушыға берешек сомасының 20% қызметтік ақысын төлеу қажеттілігі туындайтынын ескертеді.