Мейманмен Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Ерман кездесті.
«Қазақстан Оңтүстік Африканы Африка құрлығындағы маңызды және басты серіктес ретінде қарастырады», деп мәлімдеді депутат.
Сонымен бірге, парламентарий Оңтүстік Африканы 2019 жылдың қазан айында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне сәтті төрағалық етуімен құттықтап, осы жылы Африка Одағы төрағалығында сәттілік тіледі.
Өз кезегінде, дипломат біздің елдеріміздің билік институттары және демократиялық жасымыз,даму жолдарымыз бірдей екендігін тілге тиек етті.
Тараптар атап өткендей, парламенттік ынтымақтастық сияқты маңызды факторды қолдана отырып, қарқынды сақтап, одан әрі арттыру қажет.