Қазақстан • 25 Қараша, 2019

Ақтоты Райымқұлова Ержан Максимді құттықтады

278 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Junior Eurovision - 2019 ән байқауында жүлделі 2-орын алған Ержан Максимді жеңісімен құттықтады.

Ақтоты Райымқұлова Ержан Максимді құттықтады

«Құрметті Ержан! Сізді Junior Eurovision song contest-2019 байқауында жүлделі екінші орын алуыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Сіз Польшаның Гливице қаласында өткен Junior Eurovision халықаралық ән байқауындағы жарқын өнеріңізбен кезекті рет асқақ арманға деген құлшынысы зор дарынды, еңбекқор әнші екеніңізді паш еттіңіз. Расында, сіздің орындауыңыздағы әсем ән әлем халықтарының қазақ мәдениетімен таныса түсуге деген құштарлығын оятқаны сөзсіз. Алдағы уақытта да жаһандық байқауларда сәтті өнер көрсетіп, жарқын жетістіктеріңізбен ел мерейін үстем ете беріңіз. Осынау сәтті пайдалана отырып, Сізге зор денсаулық, толайым шығармашылық табыс тілеймін!», делінген министрдің құттықтауында.