Турнирде жанкүйерлер мен бапкерлер асыға күткен кездесу 75 келі салмақ дәрежесінде өтті. Бұл салмақтың финалдық сынында биылғы Азия чемпионы әрі әлем чемпионатының қола жүлдегері Тұрсынбай Құлахмет пен 2017 жылғы әлем чемпионатының, Азия ойындарының күміс жүлдегері Әбілхан Аманқұл кездескен болатын.
Иығының жарақатына байланысты 2019 жылғы басты додалардан сырт қалған Әбілхан Ақтау төрінде Тұрсынбай Құлахметті 5:0 есебімен таза жеңді.
Сондай-ақ 52 келіде Азат Махметов топ жарды. 57 келіде павлодарлық павлодарлық Серік Теміржанов алтын алса, 63 келідегі чемпиондық атақты тәжікстандық Бахадор Османов иеленді.
69 және 81 келіде маңғыстаулықтар Сұлтан Шаршов пен Жеңіс Нұрас алтын медаль еншіледі.
91 келіде Бек Нұрмағанбет (Түркістан), аса ауыр салмақта Мұхамеджан Еркін (Атырау облысы) жеңіске жетті.