17 Тамыз, 2013

Татулық пен ынтымақ сусыған құмды алтын етеді

393 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Татулық пен ынтымақ сусыған құмды алтын етеді

Сәрсенбі, 24 қазан 2012 7:19

Бүгінде Қазақстанда чешен халқының өкіл­дері мамыражай тірлік кешіп отыр. Жал­қау емес адамға жұмыс та, баспана да бар. Ең бастысы, тамағы тоқ, көйлегі көк, уайымы жоқ. Бейбіт өмірдің бағасын чешен халқы жақсы біледі. 40-шы жылдары сонау Кавказдан чешендерді бір түнннің іш­інде мал тиейтін жүк вагонына артып, Қа­зақстанға әкеліп төккені тарихтан белгілі.
Атамекенінен жау атанып қуылудың, малын, дүние-мүлкін тәрк етіп тастаудың тәнге де, жанға да ауыр екенін осындай сұмдықты бастан кешкен халық қана түсінер. Сол сұрқай күндердің куәгерлері арамызда селдіреп әлі жүр. Еш жазығы жоқ халық сасыған жүк вагонында екі айдай жол жүргенде не көрмеді дейсіз. Вагон ішінде аурудан, аштықтан қырыл­ған­дарын жолай қалың қарға лақтырып кетіп отырыпты.

Сәрсенбі, 24 қазан 2012 7:19

Бүгінде Қазақстанда чешен халқының өкіл­дері мамыражай тірлік кешіп отыр. Жал­қау емес адамға жұмыс та, баспана да бар. Ең бастысы, тамағы тоқ, көйлегі көк, уайымы жоқ. Бейбіт өмірдің бағасын чешен халқы жақсы біледі. 40-шы жылдары сонау Кавказдан чешендерді бір түнннің іш­інде мал тиейтін жүк вагонына артып, Қа­зақстанға әкеліп төккені тарихтан белгілі.
Атамекенінен жау атанып қуылудың, малын, дүние-мүлкін тәрк етіп тастаудың тәнге де, жанға да ауыр екенін осындай сұмдықты бастан кешкен халық қана түсінер. Сол сұрқай күндердің куәгерлері арамызда селдіреп әлі жүр. Еш жазығы жоқ халық сасыған жүк вагонында екі айдай жол жүргенде не көрмеді дейсіз. Вагон ішінде аурудан, аштықтан қырыл­ған­дарын жолай қалың қарға лақтырып кетіп отырыпты.

Ақсақалдардың алдын кесіп өтпеген, дәстүрді берік ұстанатын әйел­дер тар жерде жүріп-тұра алмай азап шегеді. Ал пойыз қазақ даласына жеткен соң бауырмал, қайырымды халық арып-ашып келген чешендерді бауырына басады. Өздері ашқұрсақ күй кешіп отырған қазақтар оларды үйлеріне кіргізіп, жан сақтатты, бір үзім нанын, тары көжесін бөліп берді. Қазақ халқының осындай биік адамгершілігі мен қайырым­дылы­ғы­ның арқасында чешендер сол жылғы ауыр қыстан аман шығып, көктемде ілеске ілініп кеткен екен. Қазақтардың арасында өскен аға ұрпақ ішінде қазақ тілінің майын тамызып сөйлейтіндер аз емес.
Жалпы, қазақ халқының жандүниесі өзі­­нің кең даласы іспеттес. Олар ешқа­шан жауықпайды, кең тынысты, кеңқол­тық ел ғой. Олар адамға алдымен дос құ­шағын ашады. Соның арқасында Қазақ­стан бүгін­де сан ұлттың сүйікті мекеніне айналды. Чешендер де соғыстан кейінгі бейбіт заманда жанының жарасын мәж­бүр ұмыт­қан­дай еді. Өйткені, жазықсыз жапа шеккен халықтың басынан өткен тарихы, ақи­қат шындығы туралы қызыл құрсау саясат кезінде жақ ашып, айтылмайтын. Іштен ты­нып өмір сүрдік. Уақыт солай ағып жатты, біз қазақтармен ауылдас, дос-жаран бо­­лып кеттік. Кеңес Ода­ғы кезінде чешен­дердің бірсыпырасы ту­ған мекенін аңсап, Кавказға қайтып кеткен болатын. Бірақ, олар Қазақстанның кең даласын, қазақ­тар­дың жылы мейі­рімін ешқашан ұмытпаған еді.
90-шы жылдары тағдыр чешен хал­қы­на тағы да азап құрығын салды. Қара­па­йым халық тағы да оқтың дауысын естіді. Грозный қаласында, басқа да елді мекендерде жарылыстар болды, оқ атылды. Сонда чешен халқы босып, тағы да Қа­зақ­станнан пана тапты. Сол жолы Қос­та­най облысына үш мыңдай шешен келген болатын, біз олардың барлығын тіркеп, көмек көрсеткенбіз. Босып келгендердің арасында 40-шы жылдары да Қазақ­стан­ды паналаған қарт кісілерді кездестір­геніміз, олардың қазақтар туралы жылап айтқаны күні бүгінгідей көз алдымда.
Бүгінде көптеген чешендер Чешен­стан­ға қайтып барып, атамекенін қайта қалпына келтіруге, көркейтуге атсалысуда. Біз де барып тұрамыз. Грозный қала­сында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев атындағы көше бар. Қала тұрғындарының әр үшіншісі Қазақстанда туған десем, өтірікші болмаспын. Кісінің жасаған жақсылығын ұмытпау – чешен халқына тән қасиет. Мен Чешенстанға барған сайын барлығы Қазақстан туралы сағынышпен сұрайды. Олар өздеріне көмек берген қазақтардың отбасын, олар­дың есімдеріне дейін ұмытпаған.
Қазір Қостанайдағы чешендер барлық қазақстандықтар секілді мамыражай қа­лып­та тұрып жатырмыз. Кәсібімізге де, нәсібімізге де ешкім қол сұқпайды. Ауасын жұтып, суын ішіп, береке тауып отырған біз де Қазақстанның тілеуін ті­лей­міз. «Вайнах» чешен-ингуш этногра­фиялық бірлестігі Қостанай қаласындағы мерекелік шаралардың барлығына атсалысады. Көктемде осындағы мұсылман бейітін күтуге қатысамыз.Құрбан айт Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен ресми мерекеге айналғалы да біраз болды. Жыл сайын осы діни мерекені қазақтармен, өзге де мұсылмандармен бірге тойлаймыз. Шел­пегімізді пісіріп, көрші-көлем, жолдастарымызды шақырамыз, ата-баба рухына құран бағыштаймыз. Ежелден адамзатпен бірге жасап келе жатқан дін ұрыс-керістің себебі емес, татулықтың, бірлік­тің діңгегі болуы тиіс! Біздің чешендерде: «Ынтымақ пен бірлік сусыған құмды алтын етеді, ал ұрыс-жанжал алтынды құм етеді», деген нақыл бар. Біздің Қазақ­ста­ны­мыздың алтыны – халықтың татулығы, ынтымағы деп білеміз. Оны айдай әлем көріп отыр. Қазақстанның экономикасын дамыту, көркейту – жұдырықтай жұмыл­ған қазақстандықтардың алға ұстанған те­мірқазығы болса, олардың арасында ең­бекқор чешен халқының ұл-қыздары да болашақты бетке алып барады.
Таус ХАЙДУКАЕВА,
«Вайнах» чешен-ингуш этнографиялық бірлестігі төрағасының орынбасары.
ҚОСТАНАЙ.