Қоғам • 25 Қараша, 2019

Елордада қар тазалауға 1431 жол жұмысшысы шықты

146 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Нұр-Сұлтанда қар тазалауға 1431 жол жұмысшысы мен 684 бірлік арнайы техника жұмылдырылды. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Елордада қар тазалауға 1431 жол жұмысшысы шықты

24-нен 25 қарашаға қараған түні елордада қар тазалауға 397 бірлік арнайы техника мен 294 жол жұмысшылары жұмылдырылды, олардың күшімен 3020 текше метр қар шығарылды.

Қала көшелерін қолмен тазалауға 294 жұмысшы шықты, оның ішінде «Алматы» ауданы бойынша - 41, «Байқоңыр» ауданы бойынша - 226, «Есіл» ауданы бойынша - 21, «Сарыарқа» ауданы бойынша - 6.

Сонымен қатар тазалауға 123 бірлік сыпыру-жинау машинасы КО-806, КО-713, Jet broom, Unimog-400 (үйінді, щетка), 46 тротуар жинағыш машина, 29 құмшашқыш, 31 автогрейдер, 13 кеспе қар тиегіш, 33 фронтальды тиегіш, 118 жүкті өзі түсіретін машина, 1 Ас-машина, 2 МКСМ, 1 унимог тартылды.

Сондай-ақ бүгін қала көшелерінде 155 текше метр құм-тұз қоспасы мен 16 тонна тайғаққа қарсы реагент себілді. Барлық қысқы кезеңде бұл сандар 12 675 текше метрді және 422,6 тоннаны құрады.

Сонымен қатар 24 қарашадан 25 қарашаға қараған түні 3 020 текше метр қар шығарылды, ал қысқы кезеңде 269 996 текше метр қар шығарылды.