Экономика • 26 Қараша, 2019

Шетел валютасын сатып алуға жұмсалған қаржы – 250,5 млрд теңге

243 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бұл қыркүйек айымен салыстырғанда 8,2  пайызға көп. Сарапшылардың мәлімдеуінше, айырбас пункттеріндегі америкалық валютаны сатудың көлемі 2 айда 5 еседен де асып жығылған. Сұраныстың артуына екі фактор: маусымдық кезең мен теңгенің әлсіреуі себебін тигізуде.  Ұлттық банктің мәліметтері бойынша қазан айында республикадағы айырбастау пункттері, сатып алған­ға қарағанда, долларды 163,3 млрд теңгеге артық сатқан. 

Шетел валютасын сатып алуға жұмсалған қаржы – 250,5 млрд теңге

Ұлттық банк бүгінгі таратқан ай сайынғы есебінде мамыр айының алғашқы онкүндігінен бастап шетелдік валютаны сатып алуға жұмсалған қаржы ай сайын 200 млрд теңгеге көбейгені айтылған.  2019 жылдың басынан бері бұл көрсеткіш 2,4 трлн теңгеге жеткен. Бұл өткен жылдың осы мезгілімен салыстырғанда 24,3 пайызға көп.   2019 жылдың 10 айында АҚШ валютасының таза сатылымы 1,6 трлн теңгені, Ресей рублімен - 520,9 млрд теңгені, еуронмен 300,6 млрд теңгені құрады. Сонымен бірге қазан айында банктердің шетел валютасындағы депозиттер портфелі 6,3% өсті. Заңды тұлғалардың «долларлық» депозиттері 12,8% -ға өсті, ал халықтың шетел валютасындағы депозиттері 0,5% азайды.

Қазақстандық валютаның ұзақ мерзім аралығындағы тоқтаусыз әлсіреуі халықты өз қорланымдарын америкалық валютаға аударуына итермелеуде.

Сарапшылар халықтың басым көпшілігі қолда бар теңгені АҚШ долларына инвестициялау табыс табудың ең сенімді формасы деген көзқарастан әлі күнге дейін арыла алмай келе жатқанын айтады: Қор биржасы арқылы табыс табу мүмкіндігі халықтың тұрмысына әлі тереңдеп ене қойған жоқ..

Валюталық нарықта негізгі бағдарды доллар айқындайды: 2018 жылғы шілдеде халық америкалық, еуропалық және ресейлік валюталарды сатып алуға 236,3 млрд теңге жұмсапты – бұл маусымдағыға қарағанда 1,5 есе көп.

Аймақтарды бөле-жара қарар болсақ, валютаны бәрінен де Алматыда белсендірек сатып алады екен: осы мақсатта халық 82,2 млрд теңгесін жұмсапты – республикалық көрсеткіштің 35 пайызы. Валюталық операцияларға мей­лінше немқұрайдылық  Қызыл­орда облысында көрініс берген – 1,6 млрд теңгеден сәл ғана артық.
Қыркүйек айында долларды (нетто-сатып алу – 1,6 млрд доллар), аздап евроны (124,4 млн) сатып алған және рубльді (-305,5 млн) сатқан.

 

АЛМАТЫ