Аймақтар • 30 Қараша, 2019

Атырауда Тұңғыш Президент күніне орай салтанатты шара өтті

221 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай салтанатты шара өтті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

 

Атырауда Тұңғыш Президент күніне орай салтанатты шара өтті

Мерекелік кешті Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірбаяны мен саяси еңбек жолына кең көлемді шолу жасаған аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев құттықтау сөзімен ашты.

 

- Бүгінгі мереке - халқымыздың өзінің Көшбасшысына деген құрметі мен Елбасының еңбегіне ризашылығының белгісі. Тұңғыш Президентіміз атап көрсеткендей, қазақ халқының тарихында ұрпақтары ұялатындай ешнәрсе жоқ. Тарих толқынында мың өліп, мың тірілген халықтың кейінгі тағдыры әркезде әрқалай болғанымен, тәуелсіздік жылдарындағы жолы айқын болып келе жатыр.  Қазақстанның  тәуелсіздік шежіресі Нұрсұлтан Әбішұлының есімімен сабақтасып жатыр.  Бүгінде үш ондыққа иек артып отырған біздің мемлекетіміздің жетістіктері - барша қазақстандықтардың қажырлы еңбегінің және Елбасының көреген саясатының нәтижесі. Бүгін баршамыз куә болып отырғандай, егемен еліміз жетістіктерге қол жеткізген қуатты, алып мемлекетке айналды. Осындай атаулы күні сіздерге зор денсаулық, мол табыс тілеймін, - деді Нұрлан Ноғаев.  

 

Сондай-ақ мерекелік шара барысында  өңірдің қоғамдық-экономикалық дамуына айрықша үлесін қосып жүрген азаматтар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.