Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев ел астанасына келіп, журналистерге мегаполистің биылғы 10 айының қорытындысы бойынша есеп берді. 10 айдың нәтижесі бойынша қала экономикасының барлық саласында оң серпін байқалады.

Айталық, өнеркәсіп 5,1%, инвестиция 3,1%, бөлшек сауда 11,8%, көтерме сауда айналымы 1,3%, құрылыс 3,2%-ға өскен. Тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі 8,8 пайызға ұлғайып, 1 млн 552,5 мың шаршы метрге жетті. Мемлекеттік бюджетке түсетін салық түсімдері 11,8 пайызға көбейіп, 1 трлн 659,3 млрд теңгеге жетті. Соның ішінде өткен жылмен салыстырғанда республикалық бюджетке түскен қаражат 13,7%-ға, жергілікті бюджет кірісі 5,5%-ға ұлғайған.
Әлеуметтік мәселелер басты назарда
Қала әкімінің мәліметінше, ІІІ тоқсанда орташа айлық жалақы 220 мың теңгеден асты. Статистика комитетінің деректеріне сүйенсек, Алматыдағы жалақының орташа көрсеткіші 222 013 теңгені құрады. Бұл республика бойынша Атырау, Маңғыстау облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласынан кейінгі төртінші орын. Дегенмен, атаулы жалақының өсім қарқыны бойынша Алматы қаласы соңынан санағанда екінші орында. Былтырдан бері көрсеткіш бар болғаны 12,3 пайызға өскен.
Алматы қаласында жыл басынан бері 40,4 мың жаңа жұмыс орны ашылып, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 19 мың адам тұрақты жұмыс тапса, 6 мың адам уақытша жұмысқа орналасқан.
Жалпы, жұмыссыздықпен күресуде қала әкімі NEET санатындағы жұмыс істемейтін азаматтар мен жастар үшін базарларда, вокзалдарда, жәрмеңкелерде 12 мобильді жұмыспен қамту орталығының ашылғанын жеткізді. Сондай-ақ тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 200 еселенген айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде (505 мың теңге) гранттар бөлінетіні айтылды. Нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі біршама қысқарғанымен, жұмыссыздық көрсеткіші бойынша Алматы қаласы әлі де алдыңғы қатарда. Мегаполистегі жұмыссыздық деңгейі республикалық мөлшерден анағұрлым көп – 5,1%. Естеріңізде болса, 2014 жылы бұл көрсеткіш 5,5%, 2018 жылы 5,2% болған еді.
Инфрақұрылымдық жұмыстардың тізбесі жасалды
Қала әкімінің айтуынша, шаһар инфрақұрылымын жаңғыртудың шұғыл мәселелерінің тізбесі белгіленген. Біріншіден, сумен қамтамасыз ету. 23 шағын аудандағы 105 мың тұрғынды сумен және кәріз жүйесімен қамтамасыз ету бойынша барлық жұмыстарды 2023 жылы аяқтау жоспарланған.
Екіншіден, көшені жарықтандыру. Бүгінде 208 көшеге шам тартылған. Келесі жылы тағы 1176 көшеге жарық берілмек. Үшіншіден, аулаларды абаттандыру. Жыл басынан 672 аулаға абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, қазір абаттандырылған аулалардың үлесі 55%-ға жетті. 2020 жылдан бастап «Менің аулам» ауқымды бағдарламасы аясында алдағы 2 жылда аулаларды абаттандыру 100%-ға аяқталмақ.
Төртіншіден, жол құрылысы. Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесін 75%-ға жеткізу көзделген. Қазіргі таңда 231 көшедегі 54 шақырым жолдың құрылысы аяқталды. 134,8 шақырымдық 147 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2020 жылы шеткі аймақтарда қосымша тағы 120 шақырым жол салу басталмақ.
Бесіншіден, қоғамдық көлік. «Алматылықтардың өтінішін орындай отырып, қоғамдық көлік санын арттырудамыз», деген әкім коммерциялық құрылымдар 172 автобус сатып алғанын жеткізді. Оның айтуынша, әкімдіктің қаражаты есебінен газбен жұмыс істейтін тағы 260 автобус сатып алынды. Осылайша, жаңартылған автобус паркінің үлесі 90%-ға жеткен. Сонымен қатар қаланың барлық троллейбус желісін жаңғырту жұмыстары басталды.
Әлеуметтік нысандар тапшы
29 қазандағы жұмыс сапары барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мектептер мен балабақшаларда орын тапшылығын атап өтіп, нақты тапсырмалар бергені белгілі. Қазір қала мектептеріндегі орын тапшылығы 30 мыңға жетті. Ал балабақшалардағы орын тапшылығы 20 мыңнан асады.
«Бұл мәселені шешу үшін мемлекет-жекеменшік әріптестігі бойынша мектеп салу бағдарламасы әзірленді. Алдағы екі жылда 12900 орындық 8 мектеп салынады», деді әкім. Оның айтуынша, 2020 жылдың басында 790 орындық 5 балабақша, оқу жылының басында 1800 орындық 2 мектеп, мектептердің жанынан 2017 орындық 5 жапсаржай пайдалануға беріледі. Сонымен қатар 2020-2022 жылдары жеке инвестициялар есебінен 2240 орындық 4 мектеп, 8000 орындық 300 балабақша ашу жоспарланып отыр. «Осылайша, 2 ауысыммен оқитын мектептердегі орын тапшылығын 30 мың орынға, балабақшадағы кезекті 10 мыңға азайтуға болады», деді әкім. Әкімнің айтуынша, соңғы бес жылда қалада бар болғаны 5 мектеп қана салынған екен.
«Медициналық қызметтің сапасын жақсарту үшін қаланың барлық медициналық мекемелеріне аудит жүргізілді. Медициналық ұйымдарда 30 мыңнан астам медициналық жабдық бар, оның 10 мыңы ескірген», деді Бақытжан Сағынтаев.
Әкімнің айтуынша, осыған байланысты әрбір медициналық ұйым мен аудан бойынша жабдықтарды жаңартудың үшжылдық жоспары дайындалды. Медициналық жабдықтарды сатып алуға 60 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалады. 2020 жылы 20 млрд теңгеге медициналық техника сатып алынады. Сондай-ақ «қадамдық қолжетімділік» қағидатына сәйкес, 35 дәрігерлік амбулаториямен қамтамасыз етудің 3 жылдық жоспары әзірленді. Бүгінде жетеуі ашылды. Жыл соңына дейін үшеуі ашылмақ.
«Қараша айында жедел медициналық көмек қызметінің жаңа стансасы іске қосылды. Осы арқылы дәрігерлік бригадалардың қала шетіне жету уақыты бұрын 25 минут болса, қазір 11-13 минутқа дейін қысқарды», деді әкім. Жедел жәрдем желісіне 38 жаңа көлік берілген. Келесі жылы тағы 75 санитарлық автокөлік сатып алу жоспарда. «Осылайша, 2020 жылы бұл қызметтің жабдықталуы 100%-ға дейін жететін болады», деді шаһар басшысы.
«Біз полицияның материалдық-техникалық жабдықталуын жақсартудамыз, бұл қазірдің өзінде ең жоғары көрсеткіш болып табылады – 87%. Жақын арада қала полициясына тағы 85 жаңа автокөлік беріледі», деді әкім.
Оның айтуынша, ашықтықты қамтамасыз ету үшін қаланың барлық ауданында полицияның 13 фронт-кеңсесі ашылып жатыр. Мұнда келушілерге қолайлы жағдай жасалған, «бірыңғай терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсетіледі. Сонымен қатар қала көшелеріне жақын арада «Сергек» бейнетіркеу жүйесінің 707 бекеті орнатылады, жыл соңына дейін тағы 400, 2020 жылы 307 бекет орнатылмақ. Жалпы, қабылданып жатқан шаралар қылмыстың санын 10,2%-ға азайтуға және қылмыстың ашылуын 26%-дан 30%-ға дейін арттыруға мүмкіндік берді.
Шағын және орта бизнеске берілетін ақша 6,5 есеге өседі
Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, шағын және орта кәсіпкерлік алматылықтардың үштен екісін жұмыспен қамтыса, салықтың 63%-ын береді.
«Шағын бизнестің корпоративтік табыс салығы жергілікті бюджетке берілгеннен кейін қала экономикасындағы шағын және орта бизнестің маңызы арта түсті. Сондықтан қала әкімдігі азаматтарды кәсіпкерлік қызметке кеңінен тарту мәселесіне айрықша көңіл бөліп отыр», деді әкім.
Әкімнің айтуынша, «Алматы Бизнес-2025» кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік жаңа бағдарламасы әзірленді. Qoldaý кәсіпкерлік орталығы құрылды. Қаланың 5 ауданында оның филиалдары жұмыс істейді. Мұнда бизнесмендер «бір терезе» қағидаты бойынша 525 мемлекеттік қызмет түрін ала алады. Бұл қызметтерді алу мерзімін біршама қысқартып, оның қолжетімділігін арттырады. Бизнес үшін қаржы ресурстарының қолжетімділігін арттыру мақсатында «Алматы» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы базасында Almaty Finance компаниясы және Almaty микроқаржы ұйымы құрылды. 2019 жылдың өзінде жалпы капиталдандырылуы 3 млрд теңгені құрады.
Бұл ретте, қаланы тепе-тең дамыту үшін сараланған мөлшерлеме қолданылады. Көпбалалы отбасылар мен өндірістік парк резидентері үшін – 2%, қалған аудандарда – 7%. Әкімнің айтуынша, шағын және орта бизнес жобаларын екінші деңгейдегі банктер арқылы қаржыландыру үшін Даму қорымен бірге тепе-теңдік негізде қосымша 2 млрд теңге бөлінді. Келесі жылы тек осы бағыттың шеңберінде тағы 10 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр.
«Жалпы, шағын және орта бизнесті қаржылық қолдау көлемін биылғы 4,5 млрд теңгеден келесі жылы 30 млрд теңгеге дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз», деді Бақытжан Сағынтаев. Яғни, келер жылы шағын және орта бизнеске бөлінетін қаражат 6,5 есеге артпақ.
Жылдың соңына дейін көпбалалы аналарға 1 мыңнан астам грант және 150-ге жуық шағын несиені жылына 2 пайыздық жеңілдікпен беру жоспарланып отыр. «Бұл жұмыс алғашқы нәтижелерін де бере бастады. Жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 10 айда 8,9%-ға өсіп, 190 мыңнан асты», деді қала әкімі.
«Құрылымдық жұмыстардың басты мақсаты – қала мен әрбір алматылықтың әл-ауқатын арттыру үшін берік экономикалық база құру. Алда – қаламыздың өмір сүру сапасы мен бизнесті жүргізу шарттары бойынша әлемнің ең үздік 100 қаласының қатарына кіруі жөніндегі батыл міндет тұр», деді шаһар басшысы.
Жезқазғанда тамақтан уланған оқушылар жазылып шықты
Аймақтар • Кеше
Урбанистік орталыққа айналудың бір тұтқасы
Аймақтар • Кеше
Қарағандыда Antikor Ortalygy мекемесі ашылды
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Алматылық дизайнердің Стокгольмде көрмесі ашылды
Руханият • Кеше
Алматыда жас өрендердің жарысы аяқталды
Спорт • Кеше
Қарқаралы ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
«Батыс» ӨңҚ әскери бөлімдері дабыл бойынша көтерілді
Аймақтар • Кеше
Алматыда академик Валентина Жұмағұлова атындағы дәрісхана ашылды
Руханият • Кеше
Алматыда 128 мыңнан астам оқушы қазақ тілінде білім алады
Руханият • Кеше
«Ел бірлігі – 2019» марапаттау салтанаты өтті
Руханият • Кеше
Алматыда «Қара майордың» құрметіне ескерткіш тақта ашылды
Руханият • Кеше
Алматы хайуанаттар бағында Алькор есімді ақ аю 30-ға толды
Аймақтар • Кеше
Асық ойыны балаларды өмірлік тәжірибеге баулиды
Руханият • Кеше
Қ.Тоқаев Фраунхофер институтының бөлім директорымен кездесті
Президент • Кеше
Президент Германия бизнесінің өкілдерімен кездесті
Президент • Кеше
Елордада каратеден Әлем чемпионаты басталады
Спорт • Кеше
Елорда әкімі прокурорларды кәсіби мерекесімен құттықтады
Қазақстан • 06 Желтоқсан, 2019
Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның бұрынғы Федералдық Президенті Хорст Кёлермен кездесті
Президент • 06 Желтоқсан, 2019
Сирек кітаптар музейінде латын графикасындағы баспа ескерткіштері сақталған
Руханият • 06 Желтоқсан, 2019
Қасым-Жомарт Тоқаев Берлин еуразиялық клубының 28-отырысына қатысты
Президент • 06 Желтоқсан, 2019
Қазақтың музыкалық археологиясының даму жолдары талқыланды
Руханият • 06 Желтоқсан, 2019
Жамбыл өңірінде қант қызылшасын жинау науқаны аяқталды
Аймақтар • 06 Желтоқсан, 2019
2020 жылғы Олимпиада ойындарына қазақстандық делегацияның киетін киім үлгілері талқыланды
Спорт • 06 Желтоқсан, 2019
Қазақстандық он спортшы ХОК стипендиясын иеленді
Спорт • 06 Желтоқсан, 2019
Көктайғақ салдарынан бірқатар республикалық тас жолда жол жабылды
Қазақстан • 06 Желтоқсан, 2019
«Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» конкурсының жеңімпаздары анықталды
Қазақстан • 06 Желтоқсан, 2019
Алматыдағы тәуелсіздік жарияланған ғимаратта жастармен кездесу өтті
Қазақстан • 06 Желтоқсан, 2019
«Ел тағдырын айқындаған тәуелсіздік» тақырыбында форум өтті
Қазақстан • 06 Желтоқсан, 2019
2019 жылы мұнай өндіру жоспары асыра орындалады - Энергетика министрлігі
Экономика • 06 Желтоқсан, 2019
Мемлекет басшысы Қауіпсіздік жөніндегі Мюнхен конференциясының төрағасымен кездесті
Президент • 06 Желтоқсан, 2019
Десанттық-шабуылдау әскерлерінің бригадасы дабылмен көтерілді
Қазақстан • 06 Желтоқсан, 2019
Алматыда өткен Имамдардың аймақтық форумына рухани құндылықтар тақырыбы арқау болды
Руханият • 06 Желтоқсан, 2019
Қазақстан мәслихаттарының құрылғанына 25 жыл толуына арналған конференция өтті
Қазақстан • 06 Желтоқсан, 2019
Атырауда 144 отбасы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша баспаналы болды
Аймақтар • 06 Желтоқсан, 2019
Елорда әкімдігі бірқатар инвестициялық жобаны қолдады
Экономика • 06 Желтоқсан, 2019
Үкімет үйінде зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды
Қазақстан • 06 Желтоқсан, 2019
Маңғыстауда жалға берушілермен кездесу өтті
Аймақтар • 06 Желтоқсан, 2019
Түркістанда 630 орындық көпсалалы аурухананың қазығы қағылды
Аймақтар • 06 Желтоқсан, 2019
Табысы аз отбасылардың балаларына кепілдендірілген әлеуметтік топтаманың құрамы қалыптастырылды
Қоғам • 06 Желтоқсан, 2019
Дариға Назарбаева Қазақстан мәслихаттарының 25 жылдығымен құттықтады
Парламент • 06 Желтоқсан, 2019
Маңғыстауда Төтенше жағдайлар департаментінде брифинг өтті
Аймақтар • 06 Желтоқсан, 2019
Руханият • 06 Желтоқсан, 2019
Маңғыстауда Ассамблея «Жігіт сұлтаны» байқауын өткізді
Руханият • 06 Желтоқсан, 2019
Нұрлан Нығматулин Мәжілістің Бюро отырысын өткізді
Парламент • 06 Желтоқсан, 2019
Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Қазақстан • 06 Желтоқсан, 2019
Маңғыстауда полицейлер арасында чемпионат өтті
Аймақтар • 06 Желтоқсан, 2019
Елордада 2023 жылы «Қолжетімді дәрігер» жобасы бойынша 51 нысан ашылады
Қоғам • 06 Желтоқсан, 2019
34 мыңнан астам маңғыстаулық көпбалалы отбасы жаңа мемлекеттік жәрдемақы алатын болады
Аймақтар • 06 Желтоқсан, 2019
Оралда жастар бастамаларын қолдау жақсы
Аймақтар • 06 Желтоқсан, 2019
МӘМС: Тіркелген тұрғындар үлесі 90 процентке жетті
Қоғам • 06 Желтоқсан, 2019
Елордада Әбіш Кекілбайұлының атына көше берілді
Қазақстан • 06 Желтоқсан, 2019
Қазақстанда бие сүті қосылған майонез шығарыла бастады
Экономика • 06 Желтоқсан, 2019
Мәслихаттар депутаттарымен кездесу өтті
Қазақстан • 06 Желтоқсан, 2019
Жамбыл облысы әкімінің жаңа кеңесшісі тағайындалды
Тағайындау • 06 Желтоқсан, 2019
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және Linde AG өзара меморандумға қол қойды
Экономика • 06 Желтоқсан, 2019
Братиславада Сыртқы істер министрлер кеңесінің 26-отырысы өтіп жатыр
Саясат • 06 Желтоқсан, 2019
Димаш Құдайберген «Виктория» сыйлығының екі аталымында жеңіске жетті
Руханият • 06 Желтоқсан, 2019
Халықаралық Қызыл Крест комитеті қазақстандық балалардың Ирактан қайтарылуына қолдау білдірді
Қазақстан • 06 Желтоқсан, 2019
Қазақстан Президенті неміс компаниялары басшыларының алдында сөз сөйледі
Президент • 06 Желтоқсан, 2019
Қоныс аударушыларды қолдау қандай?
Қоғам • 06 Желтоқсан, 2019
Алматы облысында 9 айда 1700 көлік апаты тіркелді
Қоғам • 06 Желтоқсан, 2019
Қазақстан Түркиямен әскери ынтымақтастықты кеңейтеді
Парламент • 06 Желтоқсан, 2019
Тәулігіне 15-16 тонна сүт алынады
Аймақтар • 06 Желтоқсан, 2019
Ұқсас жаңалықтар