Қазақстан • 03 Желтоқсан, 2019

Беларусь Республикасымен әуе қатынасын кеңейту бойынша келісімдерге қол жеткізілді

243 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Беларусь Республикасымен әуе қатынасын кеңейту бойынша келісімдерге қол жеткізілді

«2019 жылғы 2 желтоқсанда қазақстандық делегация Беларусь Республикасының авиация биліктерімен  келіссөздер жүргізді.

Мемлекет Басшысының тапсырмасымен енгізілген «ашық аспан» режимі аясында екі ел арасындағы  ұшу жиіліктерінің саны артты, сондай-ақ екі елдің тағайындалған әуе компанияларына ұшу кезінде кодтарды бірлесіп пайдалану туралы коммерциялық келісімдер жасасу мүмкіндігі берілді.

Қол жеткізілген уағдаластықтардың нәтижесінде «Белавиа»  әуе компаниясы Минскіден Алматыға рейстерді аптасына 5-тен 7 рейске дейін ұлғайтады, сондай-ақ 2020 жылдың жаз кезеңінен бастап Ақтауға аптасына 3 рейс жиілікпен тұрақты рейс ашады», делінген хабарламада.