Әдебиет • 04 Желтоқсан, 2019

Дәстүрлі музыка думаны

740 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елордадағы «Qazaqstan» орталық концерт залында «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы мен Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен «TURAN» тобының есеп беру концерті өтті.

Дәстүрлі музыка думаны

«TURAN» этно-фольклорлық ансамблі – еліміздің ұлттық му­зы­­калық мұрасын жаңғыртып, ұмыт бола бастаған төл аспап­тардың сүйемелдеуімен көне күй-жырларды насихаттап жүр­ген бірегей топ. Онжылдық та­ри­хы бар өнер ұжымы қазақ му­зыкасын әлемге әйгілеп, 70-тен астам шет мемлекетте 600-ден астам жеке концерт берген. Ансамбльдің әлемнің ең атақты «Карнеги холл», «Кеннеди орта­лығы», «Концерт хаус», «Кремль сарайы», «Салле Корто» залдарында өнер көрсеткенін айтуымыз керек.

Фольклорға қызықпайтын көрер­меннің өзі «TURAN» де­се елеңдеп тұратыны бар. Себе­бі олар музыкалық аспаптар­дың дыбысын қазіргі заманға сай лайықтап, жаңа формат­та ұсы­нады. Ұлы даланы дүбір­ге толтырған барлық көрініс­ті кө­рерменнің көз алдына кел­тіріп, замана рухын сезіндіреді. Олар – Мақсат Медеубек, Се­рік Нұрмолдаев, Бауыржан Бек­­мұ­хан­бетов, Ержігіт Әлиев және Жанту Дадабаев сын­­ды талантты мульти инс­тру­мен­­талист музыканттар. Халқы­мыз­да отыздан астам ұлттық музы­калық аспап болса, музы­­­кант­тардың әрқайсысы солар­дың бірнешеуінде ойнауды мең­герген.

Кешегі есеп беру концертте­рінде де «TURAN» өздеріне тән стильмен, мазмұнмен залды өнер нұрына бөледі. Олар орындаған «Ортеке», «Ақсақ құлан», «Кер­уен», «Көроғлы», «Бақсы» күй­­­лері көрермендерге сахна ар­тында тұрған үлкен экран арқылы кө­рі­­ністермен әдіптеліп, әрленіп, жаңа пішінмен түрленіп жетті. Танымал бес жігіт жай ғана орындай салмайды. Кей­де үлкен, кейде кішігірім театр­­ландырылған көрініс жасай­ды. Сол заманның рухын тірілт­кен­дей болады.

«TURAN» тобын тек қана фольклорлық шығармаларды орындаушылар десек, қате бо­лар еді. Олар жаңа заман ком­позиторларының да шығар­ма­ларын орындайды, өздері де музыка жазады, әрлейді. Шы­­­ғармашылық кештерінде олар Н.Тілендиевтің «Аққу», А.Райымқұлованың «Шабыт» шығар­маларымен қатар өзде­рінің төл туындыларын да қалың жұрт­шылыққа ұсынды.

Концертте топтан бөлек Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мем­лекет­тік академиялық филар­мониясының симфониялық ор­кестрі, Astana musical мем­лекеттік театры, Қазақ ұлттық хорео­графия академиясының әртістері де өнер көрсетті.