Парламент • 09 Желтоқсан, 2016

Мәжіліске Канада елшісі келді

5089 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев Канаданың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Шон Стайлмен кездесті, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

Мәжіліске Канада елшісі келді

Тараптар әңгіме барысында екіжақ­ты байланыстарды өрістету мен парла­мент­аралық қатынастарды дамыту жайлы ой бөлісті.

Елші мен парламентші келе жатқан жыл­ды ынтымақтастық деңгейін арт­тыра түсуге пайдалану керек деген тоқ­там­ға келді. 2017 жылы екі мемлекет ара­сын­дағы дипломатиялық қатынастарға 25 жыл толады, Канада өзінің 150 жылды­ғын тойласа, Астана ЭКСПО-2017 халық­ара­лық көрмесін өткізеді. Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретіндегі міндеттерін атқаруға кіріседі.

Сонымен қатар, жүздесуде Канада Парламентінде Қазақстан-Канада пар­ла­менттік достық тобы құрылатыны мәлім болды. Тараптар бұл жайттың парла­мент­­аралық үнқатысудың жаңа бір бетін аша­ты­нына сенімді.

Кездесуде тараптар екі ел арасында экономика мен басқа да салалардағы ынты­мақтастықты тереңдете түсуге мүдделілік танытты.