Фархат Әменұлының айтуынша, Әлем чемпионатына дайындық тыңғылықты жүргізілген.
«Қазақстанның Жауынгерлік Өнер Ассоциациясы аталған турнирдің бас ұйымдастырушысы. Мамыр айында киокушинкай каратеден Қазақстанның біріккен Чемпионаты өткен болатын. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Ұлттық құрамаға кірді, дәл сол жігіттер ел намысын Әлем чемпионатында қорғайтын болады. Біз өз тарапымыздан барлық жағдайды жасап жатырмыз. Әлем чемпионаты 15 салмақ дәрежесі бойынша өтеді, ерлерде тоғыз (60, 65, 70, 75, 80, 85, 90, 95 және 95 кг жоғары) және алты салмақта әйелдер (50, 55, 60, 65, 70 и свыше 70). Жалпы әлемнің 54 елінен 301 спортшы қатысады»,- деді Фархат Әменұлы.
Чемпионаттың ұйымдастырушылары – Қазақстанның Жауынгерлік Өнер Ассоциациясы және Kyokushin World Union халықаралық Ассоциациясы. Әлем Чемпионаты Мәдениет және спорт министрлігі мен Нұр-Сұлтанқаласы әкімдігінің қолдауымен өткізіледі.
Сонымен қатар, KWUбас хатшысы ҚР Ұлттық құрамасының басты қарсыластарын атап өтті.
«Әлем Чемпионатына дүниежүзінің ең мықты каратешілері іріктелінді. Егер отандық спортшыларға кім қарсы тұрады десек, онда Иран, Ресей, Болгария мен Жапонияның спортшыларын атар едім. Татами ең мықтыны анықтайтыны анық»,- деді Александр Пичкунов.
Әлемнің 60-тан астам мемлекетінде іріктеу жыл бойына жүрді. Соның негізінде Ұлттық құрама мүшелері іріктелінді.