25 Шілде, 2013

КЕДЕН ОДАҒЫ: КЕМЕЛДІККЕ ҰМТЫЛЫС

287 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін

Ол қатысушы елдер қатарын кеңейтетіндей қызығушылық тудыра алып отыр ма?

Посткеңестік республикалар арасындағы ең белсенді әрекет етіп жатқан экономикалық тиімділігі жоғары интеграциялық құрылым Кеден одағы деп саналады. Бірақ соған қосылуға Украина секілді экономикалық әлеуеті мықты, ежелгі әріптесіміз неге асықпайды?

Ол қатысушы елдер қатарын кеңейтетіндей қызығушылық тудыра алып отыр ма?

Посткеңестік республикалар арасындағы ең белсенді әрекет етіп жатқан экономикалық тиімділігі жоғары интеграциялық құрылым Кеден одағы деп саналады. Бірақ соған қосылуға Украина секілді экономикалық әлеуеті мықты, ежелгі әріптесіміз неге асықпайды?

 

Украина Кеден одағына қосыла ма?

Кеден одағына (КО) Украинаның неге асықпайтынын айтпас бұрын, осынау ұйымның бүгінгі қадамдарына тоқтала кетейік. Бәлкім, сонда Украинаның асықпау себебі өзінен өзі айқындалар.

Біз Еуразиялық экономикалық одақ құруға шапқан аттай зулап барамыз. Алдымен, Еура­­­зиялық экономикалық қоғамдастықтың (ЕурАзЭҚ) негізінде 2010 жылы Кеден одағын құр­дық. Оған 2000 жылы құрылған осы ұйым­­­ның бес мүше-елдері арасынан үш мемлекет қана енді. Қырғызстан мен Тәжікстан оған ену­ді әзірге қажетсіз деп санады. Ал байқаушы ретінде қатысатын Армения, Украина, Молдова бұл ұйымға ақыры енбеді. Өзбекстан болса, 2006 жылы мүшелікке өтіп, 2008 жылы шы­ғып кетті. Дегенмен, ЕурАзЭҚ әлі күнге жабыл­ма­ған интеграциялық құрылым болып қалып отыр.

Ал біз ЕурАзЭҚ-тан кейінгі Кеден одағын да артқа тастап, 2012 жылдың 1 қаңтарынан Біртұтас экономикалық кеңістікке (БЭК) де жеттік. Енді бір секірсек, 2015 жылдың 1 қаңтарынан, жоғарыда айтқан, Еуразиялық экономикалық одаққа өтпекпіз. Бұл одақты көптеген ресейлік саясаткерлер, қоғам қайраткерлері КСРО-ның жаңартылған формасы, ол экономикалық қана емес, саяси, әскери интеграция болады деп жалаулатып жүр. Және осындай одақтың болғанына өздері дән риза екендіктерін де жасырмайды. Керісінше, көптеген қазақстандық, ішінара беларусьтік қайраткерлер, саясаткерлер мұндай одақтың болғанына риза емес. Өйткені, ол күні өтіп кеткен кешегі империяны қайта жаңғырту деп санайды. Бірақ бұл одақтың іс жүзінде тек экономикалық интеграция болатынын Қазақстан Президенті Н.Назарбаев та, Ресей Президенті В.Путин де талай рет айтты.

Дегенмен, Қазақстанның бұл одақтағы экономикалық жағдайы әзірге төмендеп келе жатқанын да жасыра алмаймыз. 2011 жылдың қорытындысы бойынша Кеден одағындағы тау­ар айналымының 11 пайызы ғана Қазақстанға тиесілі болған. Бізден экономикасы әлдеқайда кіші Белоруссия 24 пайыздық үлесті еңсерген. Қалғаны, яғни 65 пайызы Ресейдің үлесінде. Ал 2012 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның үлесі 10 пайызға төмендесе, Беларусь 1 пайызға арттыра алған. Қалғаны Ресейдікі екені сөзсіз. Сонымен қатар, 2012 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстаннан Беларуське шығатын тауарлар экспорты 2011 жылдың 86,3 пайызына, Ресейге шығарғанның 96,4 пайызы ғана орындалған. Есесіне Қазақстанға енген Беларусьтің импорты 113,8, Ресейдікі 111,6 пайызға артып, осы екі елдің тауарлары біздің рынокқа көптеп енген.

Жоғарыда айтқан, Біртұтас экономикалық кеңістікке біз 2012 жылдың 1 қаңтарынан бас­тап ендік. Ал ақпанның 1-інен бастап осы құрылымның атқарушы органы – Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) іске кірісті. Оған үш елдің әрқайсынан 3 адамнан еніп, министр дәрежесінде еңбек етуде. Олардың әрқайсының өз аппараттары бар. Осы ЕЭК-тің барлық шығындарына жұмсалуға тиісті жарнаның 87,97 пайызы Ресейдің, 7,33 пайызы Қазақстанның, 4,7 пайызы Беларусьтің үлесінде. Бұл пайыздар кедендік баждың үлесіне сәйкес анықталған. Қалай десек те, осынау жарна ЕЭК-ті кім қаржыландыратынын айқын көрсетіп тұр. Оның үстіне штаб-пәтері Мәскеуде болғандықтан, оған қызметке кіретін мамандардың көбі (бәрі демесек те) де ресейліктер болатыны сөзсіз. Ендеше, «киіз кімдікі болса – білек сонікі» дегендей, ақша Ресейдікі, маман Ресейдікі болса, бұл комиссия алдымен Ресейдің сөзін сөйлейтіні, соның мүддесін көздейтіні айқын емес пе? Барлық келісімдік-құқықтық құжаттар, ішкі заңдарды біріздендіру, тарифтер, кедендік ресімдер, үшінші елдермен кедендік қарым-қатынас құжаттары, т.т. бәрін дайындайтын осылар. Сондықтан да мұндай и нтеграциялық құрылымға Ресеймен тәуелсіздік алған жылдардан бері қатты бақастасып келе жатқан Украина асыға қояр ма екен? Әрине, жоқ. Ал Украина бұл одаққа енсе, Ресейдің үлесі төмендеп, үстемдігі де азаяр еді. Сондықтан Украинаның КО-ға енуіне рыноктың кеңеюінен ықпалын арттыра түсуді көздейтін Ресей ғана емес, Қазақстан мен Беларусь та мүдделі. Украинаның өз ішінде де бұл одақтың тиімділігін аузынан тастамай айтып жүрген мамандар бар. Бірақ сарапшылардың негізгі бөлігі КО-дан қауіп күтеді. Енді украиналықтардың пікірлеріне тоқталайық.

Ұзақ мерзімді перспективада тиімділігі бар ма?

Украинаның экономика министрінің орынбасары Валерий Мунтянның айтуына қарағанда, әлемдік сарапшылардың бағалауынша, елдің экономикалық әлеуеті 20 жыл бұрын Ресейден артық болмаса кем емес екен. Бірақ соңғы жылдарда Украина экономикалық дамуды емес, үнемі құлдырауды бастан кешіп келе жатқан көрінеді. Қазір Украина экспортының 56 пайызы Ресейге шығатын тауарлардан тұрады. Кеден одағына енетін болсақ, біз үшін оның тиімділігі арта түсер еді және мұның өзі тек экономикалық одақ қой, дей келіп, В.Мунтян одаққа қосылуды қалайды. Осындай ойды көптеген ресейлік және біздің де экономистеріміз айтып жүр. Алайда, Украина оларды бойына дарытатын емес. Өйткені...

Көптеген украиналық экономистер Кеден одағына ену Украинаның экономикасы үшін уақытша тиімді болғанымен, ұзақ мерзімді перспектива үшін тиімсіз дегенді көлденең тартады. Кеден одағы мүшелері мен Украинаның технологиялық дамуы бір деңгейде, сондықтан өзара инвестиция тарту мен сауданың синергетикалық тиімділігі өте шектеулі болады, дейді Перспективалық зерттеулер халықаралық орталығының аға сарапшысы И.Газизуллин.

Жиі кездеспейтін сөз болғандықтан, «синергетикалық тиімділік» деген сөзді түсіндіре кетелік. «Синергия» гректің synergys, яғни бірігіп істейтін деген сөзінен алынған. Ал синергетикалық тиімділік деген тіркес бөлек бөлшектердің бір жүйеге қосылуынан, интеграциялануынан болатын тиімділікті айтады.

Украинаның экономикалық зерттеулер және саяси консультациялар институтының директоры Игорь Бураковскийдің Кеден одағынан үміті тіпті аз. Оның айтуы бойынша, одаққа ену – бүгінгі күні еркін саудаға кейбір жасанды кедергілер жасайтын режіммен жұмыс істейтін елдерге тауарлар шығаратын экспортерлерге ғана тиімді болуы мүмкін. Бұл жерде маман алдымен Ресейді айтып тұрғаны сөзсіз. Әрине, дейді одан әрі маман, одаққа енсек, Ресей Украинаға шығаратын қуат тасымалдау­шыларына экспорттық бажды жояр-ақ. Бірақ бұл уақытша шара ғана болуы мүмкін, бәрі де Ресейдің қуат ресурстарына алдағы уақыттарда қандай баға саясатын ұстанатынына байланыс­ты. Сондықтан КО-ға кірудегі ұтыс қысқа мерзімдік қана болатын сияқты, дейді ол. Осы арада Ресейдің ең жақын әріптесі Беларусьпен де баға жолында үнемі қырғи-қабақ болып қалатынын еске салады.

Мұндай қауіп біз пікірлерін оқыған украи­налық мамандардың бәрінде бар. Олар Ресейдің мұнай, газ бағаларына экспорттық бажды жоямыз деп уәде бергенімен, артынан ай­нып кету мүмкіндігінен сақтанады. Өйт­ке­ні, бұған дейін мұндай айнымалы ауытқу­шы­лықтар Ресей тарапынан талай рет болған секілді.

Da Vinci сараптау тобының директоры А.Баронин өзінің КО жөніндегі қаупін тіпті ашығырақ білдіріпті. Оның ойынша, Ресей экономикасының стратегиялық мақсаты посткеңестік елдердің өзіндегіге ұқсас тауарлар шығаратын бәсекелестерін тұралатып тастау екен. Нақтырақ айтқанда, Мәскеу бәсекелестерді рыноктан қысып шығару шараларын жасайды. Мәселен, мұны бүгінгі күні авиа, кеме жасау мен агрокешен салаларынан анық көріп отырмыз. Бәсекелестерді рыноктан қысып шығарумен қатар, ол әріптес елдер экономикасын сұранысы өзіне тәуелді шикізаттық сегментке байлап тастауға тырысады, деп айыптапты ол. Одан әрі сарапшы КО-ны Ресейдің экономика ғана емес, одан әлдеқайда терең, саяси интеграцияға ұласатын еуразиялық интеграциялық жобасының құрамдас бөлігі санайтынын жеткізген. Әрине, сарапшының өз көзқарасын айтуға құқы бар, бірақ бұл тұжырымдардан Ресейді құбыжыққа балайтын ежелгі қорқыныштың табы сезіледі.

Сонымен бірге, А.Баронин Украинаның ресейлік қуат көздеріне тәуелді болып тұрған жағдайында Кремльдің тең әріптестік саясат жүргізуі екіталай екенін айтады. Сонымен бірге, дейді ол, егер Украина КО-ға енетін болса, еуропалық рыноктағы үлесінен айырылады. Ал әлемдік рыноктағы постдағдарыстық бәсекелестік жағдайында оны қайтадан орнына келтіру оңай емес. Еуразиялық экономикалық қоғамдастық пен Еуроода