Үкімет • 09 Желтоқсан, 2019

Күн тәртібінде – әлеуметтік мәселелерді шешу

36 реткөрсетілді

Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев елордадағы «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталы­ғын­да азаматтарды қабылдады.

Астана тұрғындары меди­ци­налық көмек көрсетуге, әлеу­меттік қызметтерге, тұр­ғын үймен және дәрі-дәрмек­термен қамтамасыз етуге, ең­бекке орналастыруға қатысты және басқа да проблемалық мәселелерді көтерді. 

Егде тартқан мүгедек ана­сына күтім жасап отыр­ған Елена Солоник әлеумет­тік көмек органдары ұсына­тын оңалту және гигиена құ­ралдары сапасының төмен­дігіне және оның өзі уа­қтылы қамтамасыз етілмей­тініне шағымданды.

«8 жыл бұрын сатып алған арбамыз бізге биыл берілген мүгедектер арбасынан әлде­қай­да сапалы. Гигиена құрал­дарын біз кеше ғана алдық, оның сапасы да тым төмен», деді Е. Солоник.

Вице-премьер қаланың жұ­мыспен қамту және әлеумет­тік қорғау басқармасына осы мәселені шешуді және мүгедек жандарды сапалы оңалту мен гигиена құралдарымен қамта­масыз етуді тапсырды.

«Біз бұл проблема туралы білеміз. Бұл тек сіз­дің отба­сыңызға ғана емес, елі­міздегі барлық мүгедектерге қатысты. Сондықтан келесі жылдан бас­тап біз Әлеуметтік қызметтер порталын іске қосамыз. Ол қазір­дің өзінде Ақтөбе облысында қанатқақты режімде жұмыс істеп жатыр. Осы портал арқылы мүгедек жандар өз бетінше көрсетілетін қызметтер мен тех­никалық оңалту құралдарын таң­дай алады», деді Б. Сапарбаев.

Н.Ақан өзінің ұлына мүге­дектік тобын беру мәсе­ле­сін шешуде көмек көр­сетуді сұрады. Жас жігіттің жү­ре­гіне күрделі операция жасал­ған, оған тағы ота жасату керек.

Қажетті тексерулер жүр­гізіп, қо­л­даныстағы заңнама шең­бе­рінде осы мәселені шешу ден­сау­­лық сақтау және әлеуметтік қор­ғау ор­гандарына тапсырылды.

Бұл күні вице-премьер бар­лығы 12 азаматты қабылдады. Жү­­­гінген азаматтардың бар­лық өтініштері мен ұсыныс­та­рын тыңдаған соң Бердібек Са­­парбаев түсінік беріп, тиіс­ті мем­лекеттік органдарға заң­нама аясында мәселелерді ше­шу­де ықпал көрсетуді тапсырды.

 

 

Соңғы жаңалықтар

Азық-түлік бағасы алаңдатады

Парламент • Бүгін, 08:12

Жылдың жұмыс жоспары нақтыланды

Парламент • Бүгін, 08:06

Ұлы хакім ұлағаты ұрпаққа үлгі

Руханият • Бүгін, 07:58

18 мың Абай бар

Қоғам • Бүгін, 07:44

62 көшеге жаңа атау берілді

Аймақтар • Бүгін, 07:42

Түсім 5 млрд теңгеден асады

Экономика • Бүгін, 07:36

Жаңа туындылар таныстырылды

Аймақтар • Бүгін, 07:33

Әжелер мектебі

Руханият • Бүгін, 07:29

Шираздың көз жасы (Хикаят)

Руханият • Бүгін, 07:28

Арқада ақтүтек боран

Қоғам • Бүгін, 07:13

«Халал стандарты» деген не?

Қоғам • Бүгін, 07:11

Ақыл-ойдың бренді

Руханият • Бүгін, 07:06

Ет өңдеуде есе жібермедік пе?

Экономика • Бүгін, 07:05

Ұқсас жаңалықтар