Қоғам • 09 Желтоқсан, 2019

Қазақстанда денсаулықты сақтаудың, нығайтудың және сауықтырудың жаңа жүйесі жасалды

4134 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау тетіктерін анықтау, саламатты өмір салтын қалыптастыру, аурудың алдын алу және адамдарды сауықтыру профилактикалық медицинаның басты міндеті.

Қазақстанда денсаулықты сақтаудың, нығайтудың және сауықтырудың жаңа жүйесі жасалды

Бұл тұрғыда денсаулық сақ­тау мәдениетін қалыптастыру ма­ңызды бағыт болып тұр, өйткені ДДҰ деректері бойынша деннің сау болуы 49-53% өмір салтына, 18-23% тұқым қуалайтын факторларға, 17-20% сыртқы орта факторларға және 8-10%-ы ғана денсаулық сақтау жағдайына байланысты екен.

Осының барлығы адамның өз денсаулығы үшін жеке жауап­кершілігінің қаншалықты маңыз­ды екенін көрсетеді және бір мез­гілде қандай қайнар-көздер­ді пайдалануға болатынын үйре­теді. Дәл осы саламатты өмір салты тек ауруды жойып қа­на қой­­майды, сонымен қатар оңтай­лы денсаулықты – физи­ка­лық, психи­калық және рухани  дамытады.

Соңғы 60 жылда ғылыми-зерт­теулер көптеп жүргізілді және алын­ған нәтижелер бір қорытын­дыға әкеледі: біз қалай өмір сүре­міз, немен тамақтанамыз, қандай іс-әре­кеттер жасаймыз, не ойлай­мыз, неге сенеміз, осының бар­лы­ғы біздің денсаулығымызды және өмір сүру ұзақтығын белгілейді.

Ал мемлекеттің қоғамдық ден­саулықты сақтау жөніндегі күш-жігері экономикалық және әлеуметтік прогреспен көтерілуі тиіс.

Біздің көпжылдық жұмыс тәжірибеміз (10 мыңнан астам меди­циналық-биологиялық зерттеу) халықтың әртүрлі топтарын медициналық куәландырудың қолданыстағы практикасы талаптарға жауап бермейтінін көрсетеді, өйткені дәрігер нақты уақыт аралығында аурудың болуын немесе болмауын анықтайды, тек ауру белгілеріне қарай көңіл аударылады да, денсаулық деңгейін, оның тағамдық статусын, қауіп факторларының болуын немесе болмауын, ішкі және сыртқы ортаның жағдайларына байланысты ағзаның бейімделу реакциясының ерекшеліктерін ескермейді және психикалық, сонымен қатар моральдық ден­саулық деңгейін анықтамайды.

Жалпы, денсаулық тек қана мақсат емес, өмір салтының (жағ­дайының) негізгі бөлігі. Ол бізге ең алдымен кәсіби және әлеу­меттік салаларда жоғары жетіс­тік­терге бағытталған өмірлік мақ­саттарымызды іске асыру үшін қажет. Алайда, денсаулық бұл адамға бір рет және өмір бойына алатын сыйлық емес, ол әрбір адамның және қоғамдағы барлық адамның саналы мінез-құлқының нәтижесі. Осы уақытқа дейін «денсаулық» термині нақты ғылыми анықтамаға ие болма­ған, онсыз профилактикалық медицинаның логикасын нақты бақылауға болмайды. ДДҰ жарғы­сында «денсаулық» деп «ауру немесе физикалық ақаулар­дың болмауы ғана емес, толық физи­калық, рухани және әлеумет­тік әл-ауқаттың жай-күйі» деп көр­сетілсе де, бұл анықтама­да фун­даментализм, профилак­ти­калық медицина принциптері жоқ.

Оны қалай өлшеуге болады? Мүмкін бұл адамның толыққанды дамуына ықпал ететін шарт болар. Ал дәрігерлер осы анықтамадан ең маңызды және нақтысын алды – бұл профилактикалық тек­серу­лердің негізінен алынған аурулар мен физикалық ақаулардың бол­мауы. Сондықтан медицина ем­деу, госпитальдық, стацио­нар­лық, ал соңғы уақыттарда маман­дан­дырылған сала болып бара жатыр.

Денсаулық тұжырымдама­сы үшін ғылыми болжау және денсаулықты бағалау мәселесі, сондай-ақ денсаулықты сақтау мен нығайтуға ықпал ететін алдын алу шаралары үлкен маңызға ие. Жалпы, адам денсаулығы үш негізгі компоненттен тұра­ды: морфо-функционалдық, фи­зика-химиялық және психоэмо­ционалдық. Көрсетілген компо­нент­тердің кез келгенінің дис­функ­циясы бүкіл тірі жүйеде тең­ге­рім­сіздікке әкеледі. Бұл көрсе­тілген дисфункция, өз кезегінде, олардың денсаулық факторларына байланысты.

Бұл дегеніңіз жақсы тұқым қуалаушылық, отбасын жоспар­лау мен денсаулықты бағалау кезінде ескеру қажет шарттар, тиісті материалдық жағдайға қам­тамасыз етілуі, дұрыс тамақтану, яғни тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі, тамақтану мәдениетін әзірлеуі, жеткілікті, адекватты, жыныстық-жас жағдайына физикалық бел­сенділігі, теңгерімді психоэмо­ционалдық жағдай, адекватты иммунологиялық реактивтілік, тиісті бейімделу мүмкіндігі, қа­лыпты ЭНДО және ЭКЗО эколо­гиялық жағдай.

Жоғарыда аталған факторлар – денсаулықты сақтау және нығайту тетіктерінің негізі нәти­жесінде адам өмірінің ұзақ­ты­ғын анықтайды. Ғылыми деректер бойынша орташа өмір сүру ұзақтығы – 120 жыл. Алайда, біз мұндай жасқа дейін өмір сүрмейміз. Неліктен?

Біріншіден, саламатты өмір салтының нақты қағидаттары қалыптаспаған, онда адамның тиісті өмір сүру жағдайларын, мә­де­ниетін, әдетін және оның әлеу­меттік жағдайын ескеру қажет.

Екіншіден, барлық жерде тамақ­тану режімі мен мәде­ниеті бұ­зылған, тиімді және теңдесті­рілген тамақтану принциптері сақталмайды.

Үшіншіден, сыртқы және ішкі ортаның қолайсыз фактор­ла­рының ағзаға ұзақ әсер етуіне жол беріледі. Өкінішке қарай, адамдар әлі күнге дейін өзінің денсаулы­ғын тек қиыншылық туындаған жағдайда ғана құндылық ретінде бағалайды. Сондықтан осы фак­торлардың әсерін барынша азайту қажет; яғни, климаттық-гео­графиялық (назар жеткіліксіз), механикалық, химиялық, био­ло­гиялық, әлеуметтік және тағы басқа да факторлар ескерілуі керек. Сондықтан донозологиялық жағдайдың бастапқы даму бел­гілері туралы халықты хабар­дар ету қажет. Ауыр белгі­леріне артық салмақ немесе арық­тау, созылмалы шаршау, тұрақ­сыз функционалдық (АҚ, пульс­тің, өкпенің желдеткіш сыйымды­лығы­ның, бұлшық еттің тонусы­ның, ұйқының және т.б. өзгеруі) және биохимиялық (глюкоза, холестерин, жалпы липидтер, қан ақуызы және т. б. құрамның өз­геруі) көрсеткіштер жатады.

Біздің және ғылыми әдеби мәліметтердің негізінде қазір­гі уа­қытта абсолютты дені сау адамдар жоқ деп айтуға болады. Тек 20%-дан аспайтын адам салыстырмалы түрде сау деп саналуы мүмкін, бірақ жоғарыда көрсетілген кез келген жүктеме кезінде (физикалық, химиялық, әлеуметтік, биологиялық) – адам сау адамдардың осы санатынан түседі, ауру алды жағдайына ауысады. Адамдардың 40%-ы нашар, қанағаттанғысыз бейімделу жағдайында ағза қорларының сарқылуы, алмасудың толық болмауы және қолайсыз факторларға қарсы тұра алмайды. Бұл жағдайда ағза бар ауруларды өз күшімен жеңе алмайды. Халықтың тағы 20%-ы (ағзаға жағымсыз фак­торлардың қарқынды және созылмалы әсері нәтижесінде) ауру алды және аурулардың созылмалы жағдайында болады, олардың симптомдарын емдеу арқылы жою мүмкін емес. Адамдардың қалған 20%-ы сауықтыруға кел­мейтін екі немесе одан да көп асқынулар мезгіл-мезгіл қинай­тын созылмалы аурулармен ауыра­ды, олар тек уақытша дәрі-дәр­­мекпен ғана емделіп, жағдайы жақ­­сартылып отырылады.

Бұл тұрғыда «ҚР халқының денсаулығын қолдау және сауық­тыру жүйесін» құру – мақсатқа сай және келешегі зор бастама. Міне, осы негізде (20 жылдық тәжи­рибе негізінде) еліміздің астанасында 2019 жылғы 21 қыр­күйекте «Аурудың алдын алу және өмірді ұзарту» орталы­ғы ашы­лып, адамдардың денсау­лық күйін анықтап, оларды денсау­лығын сақтауға үйретіп, сауық­тан­ды­ратын жұмыстар басталды.

 

Ерболат ДАЛЕНОВ, 

Профилактикалық медицина академиясының академигі, медицина ғылымдарының докторы, профессор