Спорт • 09 Желтоқсан, 2019

Дмитрий Баландин АҚШ-та топ жарды

150 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жүзуден Рио Олимпиадасының чемпионы, бүгінде даңқты бапкер Дэйв Салоның қол астында жаттығатын Дмитрий Баландин АҚШ-тың ашық чемпионатында жеңіске жетті. Бұл туралы Ұлттық Олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметі хабарлады.

Дмитрий Баландин АҚШ-та топ жарды

Қазақстандық спортшы 100 метрге брасс әдісімен жүзуден озып шықты. Баландин аталған қашықтықты 59,36 секундта жүзіп өткен. Осыған орай, Қазақстан ҰОК президенті Тимур Құлыбаев Дмитрий Баландинге құттықтау хатын жолдады.

«Сіздің барлық жүлдеңіз ұзақ әрі тынымсыз еңбектің жемісі. Сіз қазақстандық жас спортшылар үшін үлгісіз. Алда баршамызды 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындары күтіп тұр. Жапония астанасына Олимпиада чемпионы ретінде аттанбақсыз. Сіз Қазақстанға тарихи жеңіс сыйлап үлгердіңіз. 2020 жылғы додада жеңіс деген жігеріңіз бен мықты мінезіңіздің арқасында тағы да әлем халқын таң қалдырасыз деген үміттемін. Сіздің дайындық кезеңіңіз қандай да бір жарақатсыз және үзіліссіз өтуіне тілектеспін. Келесі Олимпиада ойындарына нағыз бабында аттанатын спортшылардың бірі деп есептеймін. Деніңіз сау болсын! Табыс және жарқын жеңіс тілеймін», делінген ҰОК президентінің құттықтау хатында.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше