Қазақстан • 09 Желтоқсан, 2019

Елордада «Алтын тұғыр – 2019» ұлттық спорт үздіктерін марапаттау рәсімі өтті

30 реткөрсетілді

Ел астанасында ұлттық спорт саласындағы үздіктердің мерейін көтеруді мақсат еткен дәстүрлі «Алтын тұғыр – 2019» сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті. Бәйге, Аударыспақ, Көкпар, Жамбы ату, теңге ілу, Қазақ күресі сияқты ұлттық спорт пен Тоғызқұмалақ, Асық ату және тағы да басқа ұлттық ойындардан ел намысын асқақтатып жүрген дарабоздар арнайы жүлделер мен сыйлықтарға ие болды.

Салтанатты рәсімді ашқан Ұлттық спорт қауымдастығының құрметті президенті Қайрат Сатыбалдыұлы ұлттық спорт ойындарын насихаттауға айрықша үлес қосқан барлық үздіктер мен жанкүйерлерге алғысын білдірді.

«Биыл елімізде ұлттық спорт түрлерінен Әлем, Азия чемпионаттары мен республикалық турнирлер, фестивальдар және тағы да басқа ауқымды іс-шаралар өткізілді. Мыңдаған адам ұлттық спортпен тұрақты түрде айналысады. Еліміздің барлық өңірінде ұлттық спорт мектептері мен клубтар жұмыс істейді. Бұрын ауыл арасындағы той-мерекелерден ғана тамашалайтын ұлттық спортымыздың бүгінде халықаралық деңгейге көтеріліп, әлем назарын аудара бастағаны тәуелсіздік пен бейбіт күннің арқасы» деп атап өтті Қайрат Сатыбалдыұлы.

9

Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек өзінің құттықтау сөзінде мемлекеттік тіл, мәдениет және дәстүрді барлық ұлттық құндылығымызды сақтай отырып қана дамыта алатынымызды тілге тиек етті.   

«Тәуелсіздік алғалы бері Елбасы, Nur Otan партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев ең басты құндылығымыз – тілімізге, мәдениетімізге, руханиятымызға басымдық берді. Соның арқасында тіл мәртебесі көтеріліп келеді. Ендігі уақытта жастарды бұқаралық спортқа баулуымыз қажет. Оның ең маңыздысы – ұлттық спорт. Өйткені ол – халықтың рухын көтеретін маңызды шара. Көпшілік қолдаған халық партиясы ретінде Nur Otan осы бастаманы қолдап келеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жақында ұлттық спорт түрлерін жаңғыртуға қатысты нақты тапсырмалар берді. Осыған орай партияның саяси доктринасында көзделген құндылықтар – қазақ тілі, руханиятымыз бен діліміз басым бағыттарымыздың бірі болып қала береді» деді Бауыржан Байбек.

7

Биылғы жылдың күзінде Nur Otan партиясының қолдауымен, еліміздің бірқатар өңірінде айтыс фестивальдері ұйымдастырылды. Айтыс өнерінің додасы 16-17 желтоқсанда Орал қаласында өтетін «Алтын домбыра» республикалық фестивалінде өз мәресіне жетеді.

Айта кетейік, Nur Otan партиясы жанындағы «Мирас» республикалық қоғамдық кеңесі мүшелерінің бастамасымен мемлекеттік тілді дамыту тетіктерін пысықтау үшін арнайы комиссия құрылған болатын. 

9

Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде діни ахуал тұрақты ма?

Аймақтар • Бүгін, 17:48

Қолтаңба

Аймақтар • Бүгін, 09:42

Шекарашылар алданбады

Қоғам • Бүгін, 08:22

Лицензиясынан айырды

Қоғам • Бүгін, 08:20

Өнерліге өріс кең

Аймақтар • Бүгін, 08:16

Сынақтан сағы сынбаған

Аймақтар • Бүгін, 08:11

Уақыты келген игілік

Технология • Бүгін, 08:05

Сәлемде береке бар

Руханият • Бүгін, 08:03

Ұқсас жаңалықтар