Жүздесуде екіжақты қатынастарды дамытудың, атап айтқанда көлік-логистика бағдары мен кәсіпкерлік қызметті жүргізудің мүмкіндіктерін кеңейтуге қатысты ауқымды мәселелер қаралды.
Қазақстаннан Арменияға бағалы металдарды уақытша әкетуді заңнамалық реттеу тақырыбы бөлек қаралды.
Тараптар сондай-ақ 2020 жылға жоспарланған Қазақстан – Армения, бизнес-форумын өткізу мәселесін де талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша талқыланған мәселелерге талдау жүргізу және ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева 14 қарашада Арменияға ресми сапармен барған болатын, онда Қазақстан мен Арменияның экономикалық және гуманитарлық салалардағы қатынастарын одан әрі кеңейту мәселелері талқыланды.