Саясат • 12 Желтоқсан, 2019

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссияның отырысы өтті

242 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның отырысы өтті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссияның отырысы өтті

Комиссия су ресурстары сала­сын­дағы заңдылықтың сақталуы, Мем­лекет басшысының бизнесті заң­сыз әкімшілік қысымнан және қыл­мыс­тық қудалау қатерінен кор­ғау жөніндегі мәселелерді қарады.

Отырыста Жоғарғы сот, Бас проку­ратура, Республикалық бюджет­тің атқарылуын бақылау жөнін­дегі есеп комитеті, Сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы іс-қимыл агент­тігі, Қаржы министрлігі, Ұлттық экономика министрлігі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП бас­шы­ларының есептері тыңдалды.

Талқылау барысында комис­сия мүшелері Экология, геоло­гия және табиғи ресурстар министр­лігі Су ресурстары комите­ті­нің республи­када сумен қамта­масыз ету сапа­сын едәуір төмен­детуге жол берген жүйесіз олқылықтарына назар аударды. Атап айтсақ, гидро­тех­ни­ка­лық ны­сандардың 42 пайызы апат­­тық жағдайда тұр, магистрал­дық су тораптарындағы шығынды азай­ту, оңалту және жаңа инфрақұры­лымдар құрылысына қатысты проблемалар өткір күйінде тұр.

Биыл Комитетті және оның құрылымдық бөлімше­лерін тексеру барысында қымқыру, қаржылық заң бұзушылықтар, бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және пайдаланудың көптеген фактісі анықталды. Соның салдарынан заңдылықтың бұзылуы бойынша 26 ұсыным енгізіліп, шығынның жалпы сомасы 8 млрд-тан астам теңгені құрайтын 25 факті бойынша сот алды тергеу жұмыстары басталды.  Соңғы жылдары Сыбайлас жемқорлыққа қар­сы іс-қимыл агенттігі Комитеттің және оған қарасты ұйымдардың қызметкерлері тарапынан жасалған бірқатар жемқорлық қылмысты тір­кеді, олардың барлығы қылмыс­тық жауапкершілікке тартылды.

Осындай сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жолын кесу мақсатында айқын әрі ашықтық, ізгілік қағидаттарын кең түрде енгізу және республикада қоғамдық бақылауды жүзеге асыру үшін арнайы құрылған «Адалдық алаңы» жобалық офисі шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс жүргізудің маңыздылығы атап өтілді.

Кәсіпкерлік еркіндігінің конс­ти­ту­циялық құқығын іске асыру мә­селесі бойынша Мемлекеттік хат­шы Қырымбек Көшербаев бақы­лау, қадағалау қызметі саласын­да кең ауқымды заңнамалық реформалар жүргізілгенін баса айтты.

Бұл орайда кәсіпкерлік субъек­ті­леріне қатысты қылмыстық істерді тіркеу қысқартылып, әкім­ші­лік және қылмыстық заңнама ізгі­лен­дірілді, сонымен қатар салықтық құқық бұзушылықты қылмыссыздандыруға  бағытталған нормалар қарастырылды.

Сонымен қатар республикада заңсыз тексеру саны азайып, қауіп-қатерлерді басқаруды баға­лау жүйесі енгізілді және адами фак­торды болдырмауға, тексеру субъек­тілерін дербес анық­тауға мүмкіндік туғызатын «ТСОБТ» (Тексеру субъекті­лері мен объектілерінің бірың­ғай тізілімі) ақпараттық жүйесі әзір­ленді. Мемлекеттік орган­дар­дың шағын және орта бизнес­ке заңсыз араласу фактілерінің алдын алу жұмыстары белсенді жүргізілуде, сол арқылы мыңнан астам кәсіпкердің құқығын қорғау мүмкін болды. Еліміздің барлық өңірінде бизнес-жобалардың сыбай­лас жемқорлыққа қарсы сүйемел­денуін қамтамасыз ететін фронт-офистер ашылды.

Комиссия шешімімен мемле­кет­тік органдарға су ресурстарын бас­қару саласындағы жобаларды іске асыруда заңдылықтың сақта­луын тексеру жөнінде құқық қорғау органдарының тиімді жұ­мысын үйлестіруді қамтамасыз ету, сондай-ақ бизнесті қор­ғау мәселелерінде азаматтық-құқық­тық қатынастарда рейдерлік факті­лерді шектеу бойынша әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу тапсырылды. Отырысты қорытындылай келе, Комиссия мүшелері бақылау-қадағалау қызметін цифрландыру мәселесін жетілдіруді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде жұртшылық арасында  ауқымды ақпараттық жұмыс жүр­гізуді ұсынды.