Аймақтар • 12 Желтоқсан, 2019

ҚАЖ қызметкерлері тарихи мұражайға барды

410 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елбасы мақаласында әрбір азамат туған жерінің тарихын білуге, құндылықтарын қастерлеп, дамуына өз үлесін қосуға міндетті деген болатын. 

ҚАЖ қызметкерлері тарихи мұражайға барды

Бүгін Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/4 мекемесінің  ұйымдастыруымен  жас қызметкерлерге  тәр­бие беру, олардың бойы­на ұлт­тық құндылықтарды сіңіру  мақсатында Сырдарияның сол жағалауында орналасқан «Рухани жаңғыру» орталығының екінші бөлігінде орналасқан Қызылорда қаласының тарихи мұражайына экскурсия жасады. Өткені мен бүгінінен сыр шертетін орталықтың мұражайында 500-ден астам экспонаттар  қойылған. Жас қызметкерлер Қызылорда қаласының тарихына мен Алаш партиясының құрылуы, Қызылорда қаласының Астана болған 1925-1929 жылдардағы және Қызылорда қаласының 1938-1990 жылдардағы әлеуметтік – экономикалық дамуын  қамтитын,  Тәуелсіздік жылдарында атты үш залды аралап, мұражай қызметкерлерінен  Қызылорда қаласы туралы толық мағұлмат алды.

Елбасымыз «Болашаққа бағ­дар: рухани жаңғыру» атты мақа­ла­сы жастарымызға  рухани азық болатын маңызы терең, ауқымы зор , өнегесі мол айтулы дүние. Қаламыздың өткені мен бүгінінен шыр шертетін мәдени – тарихи мұраларымен танысқан мекеме  қызметкерлері  Мұражай мамандарына  ризашылықтарын білдірді. 

1