Аймақтар • 12 Желтоқсан, 2019

Қостанайда балаларға арналған оңалту орталығы ашылды

373 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Орталықта обдлыстың барлық өңірлерінен келген туғаннан 18 жасқа дейінгі балалар кешенді психологиялық-педагогикалық түзету және оңалту көмегін алады. Ерекше орталық осыдан екі жыл бұрын  балалар үйінен босаған үш қабатты ғимаратқа орналасты. Онда бір мезгілде 100 бала оңалту көмегін ала алады. Аудандардан келген 50 бала интернатқа жатуына барлық жағдай жасалған.  Ал қалғаны облыс орталығынан қатынайды.

Қостанайда балаларға арналған оңалту орталығы ашылды

Орталықта кабинеттер мен құралдар ерекше оқытуды қажет ететін балалармен сабақ өткізуге бейімделіп жасақталған. Ұжымда 100 маман жұмыс істейді.Олардың арасында 60 маманның білімі кәсіби талапқа толық жауап береді. Орталықтың ашылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев ата-аналар мен педагогтарды балаларға арналған жаңа білім беру орнымен құттықтады.

«Осыдан екі жыл бұрын мұнда жетім балалар үйі болатын. Қазір облыста үш балалар үй жабылды. Ал бұл юосаған ғимаратты біз жаңа мақсатқа пайдаланып отырмыз. Мақсатымыз да қастерлі деп айтуға болады. Ерекше күтімді, ерекше оқытуды қажетсінетін балалар осында келеді. Бұл ата-ана үшін өте үлкен көмек», деді Марат Қонысбайұлы.

Жалпы облыста барлығы ерекше оқытуды қажетсінетін 10 мыңнан астам  бала бар. Бұл жолы арнайы комиссияның қарауымен түзету және оңалту жұмыстарына 150 бала тартылатын болды. Орталықта бүгіннен бастап   Меңдіғара, Қостанай, Жітіғара ацудандарынан, Қостанай қаласынан келген балалармен мамандар педагогикалық, психологиялық түзету жұмыстарына кірісті. Айтпақшы, Марат Жүндібаев  орталық директорына 3 миллион теңгенің сертификатын таыбс етті. Оған орталыққа Монтессори жүйесі жабдықталатын болады.

12