Экономика • 13 Желтоқсан, 2019

«Екібастұз МАЭС-2» АҚ бастан-аяқ «Самұрық-Қазынаға» өтті

499 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ ресейлік «Интер РАО» энергетикалық компания­сынан «Екібастұз МАЭС-2» АҚ-ның 50% ак­циясын сатып алу жөніндегі мәмілені аяқ­тады. Осылайша, маңызды электрэнергия ак­тиві Қазақ­стан Республикасының бақылауына толы­ғымен өтті.

«Екібастұз МАЭС-2» АҚ бастан-аяқ «Самұрық-Қазынаға» өтті

«Самұрық-Қазына» ұлт­тық әл-ауқат қоры» АҚ мен «Интер РАО» ЖАҚ акциялары тең негізінде иелік еткен Қа­зақ­стан-Ресей бірлескен кәсіп­орны 2005 жылы құрыл­ған еді. Қазақстан тарапы үшін қоғам қызметінің басым бағыты стансаны кеңейту және қайта құру шеңберінде 636 МВт болатын үшінші энер­­гоблокты орнату болып табы­лады. Бұл жобаны іске асы­ру Қазақстанның электр қуа­тына өсіп келе жатқан қа­жет­тілігін қамтамасыз етуге, оның экспорттық әлеуетін арт­тыруға ықпал етер еді.

2009 жылы Қазақстан Рес­публикасы мен Ресей Фе­де­рациясының Үкіметтері ара­­сындағы келісім шең­бе­рінде «Екібастұз МАЭС-2» АҚ «Екібастұз МАЭС-2 №3 энер­гоблогының құрылысы» жо­ба­сын іске асыруға кірісті. 2010 жылы тиісті жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, мем­лекеттік сараптамадан өтті. Осының негізінде «Екі­бастұз МАЭС-2» АҚ-ның 50% үлесті сатып алу туралы шешім қабылданды.

«Екі жыл бұрын «Интер РАО» энергетикалық ком­паниясы Ресей Фе­де­рациясын­да өз бизнесін дамыту страте­гия­сына сай «Екібастұз МАЭС-2» АҚ-дағы үлесін са­та­ты­ны­н мәлімдеп, 50 млн дол­ларға бағалады. Келіс­сөз­дерді Қазақстан тарапынан «Самұрық-Энерго» компаниясы жүргізді. Келіс­сөздер қорытындысы бо­йынша тараптар аталған активті 25 млн долларға сау­далауға келісіп, тиісті құжаттарға қол қойылды», дейді А.Сәтқалиев.

Басқарушы директордың мәліметінше, аталған активке «Самұрық-Қазынаның» қызы­ғу­шылығы «Екібас­тұз МАЭС-2» ак­ционерлік қоғамы­ның үшін­ші блогы­ның құрылысын бас­тау­ға қажеттілігінен туындап отыр. Өйткені атал­ған жоба бо­йын­ша Елба­сы­ның тікелей тап­сыр­масы бар. Қордың бас­қа­рушы ди­рек­­торының пі­кі­ріне сүйенсек, қазіргі кезең­де қосымша 636 МВт қуат өн­діруге мүмкіндік туын­дап отыр. Ол үшін бас­тап­қы қар­жыландыру жасалып, негізгі құрылғыларды таң­дау үшін конкурс жасалды.

«Біз электр энергетикасы саласы тұрақты жұмыс істеп, электрмен қамту се­нім­­ді қамтамасыз етілуі­не мүд­­де­ліміз. Сондық­тан «Екі­бас­тұз МАЭС-2» АҚ-ның 100 па­йыз акциясы Қазақ­стан­ның қолын­да болуы, біз­дің ойымызша, кәсіпорын­ның тұрақ­ты жұмыс істеуі­не кепіл­дік береді», дейді бас­қару­шы директор. А.Сәт­қалиев­тің мәліметінше, электр қуатының өндірісі мен сатылымы кезінде ғана емес, сонымен қатар көмір өндірісі, тасымалы мен Қазақстан­ның өндірістік секторының тұтынушыларын электр қуатымен қамтамасыз ету тұрғысынан үшінші энер­го­б­лок­тың құрылысы қор по­­зи­­циясын жақсартуға жол ашпақ.