Руханият • 22 Желтоқсан, 2019

Алматыда «Инемен жазылған кескіндеме» көрмесі өтті

511 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Инемен жазылған кескіндеме» Гүлмира Садықованың кесте тігу өнерінен жеке көрмесі ашылды. 

Алматыда «Инемен жазылған кескіндеме» көрмесі өтті

Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде «Инемен жазылған кескіндеме» көрмесі өтті.

Көрме кураторы Оксана Танскаяның айтуынша, «Инемен жазылған кескіндеме» Гүлмира Садықованың бірінші көрмесінің атауы ғана емес, оның шығармашылығының мәні. Егер де кескіндемешілер өздерінің туындыларына композиция құрарда, сурет жоспарлап, кенепке қылқаламын жақындатып, түстік акценттерін қоятын болса, ісмер-кестешінің қолындағы ине – қылқаламның, ал мата – кенептің ролін атқарады. Ол суретті инемен ғажап етіп салады, суретші үшін әрбір жіп аралығы кескіндеменің жағындысына тең.

Шебер шығарманың әлеуетін анағұрлым аша түсу үшін баспа кесте техникасын тәуір санайды. Бұл техника шебердің ынтасымен және өмір ырғағыменүйлесім тапқан. Инені шебер игерген Гүлмира Тұрсынқызы қылқаламмен жазатын асқан шеберіспетті. Кейде жіптері кенеп бетінде еркін жатқан бояу жағындылары сияқты өз орнын таба қалады. Кейде, шоқталып жиналып, кілем техникасына ыңғайланып, пастоздық кескіндемеге де ұқсап кетеді. Түйме, пайетка, теңге, моншақ, майда монша, тоқыма, табиғи элементтер сияқты декоративтік элементтерді пайдаланып, авторлық кесте көлемді кескіндеменің белгілеріне ие болады. Гүлмира Тұрсынқызының әрбір картинасының сюжеттен бөлінбейтіндей жеке шығу тарихы бар, осы хикаямен жаңа танысқан көрермен шебердің идясының мәніне барынша толықтай ене алады.

Суретшінің интерактивті деп атауға болатын толықтай жауапкершілігі бар мұндай жұмыстары көрерменнің жүрегінен ерекше орын алды.

Гүлмира Садықованың шығармашылығында кейдейсоқтық нәрсе кездеспейді. Автор енгізген кез келген символ, таңба, зат, ишара, аллегория – саналы әрі нанымды түрде қосылады. «Гүлмира Тұрсынқызының «Инемен жазылған кескіндемесінде» де шебердің өмірлік философиясының мәні жатыр.

 

АЛМАТЫ