Аймақтар • 23 Желтоқсан, 2019

Қызылордада жастар форумы өтті

250 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы жастар қозғалысының ұйымдастыруымен «Жастар жаңғыру жолында» атты форум өтті. 

Қызылордада жастар форумы өтті

Шарада облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының қоғамдық негіздегі орынбасары Ильдар Гафуров жыл бойына атқарылған жұмыстарды саралап өтті.

- Биыл «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы бекіткен Жол картасын жүзеге асыруда жастар саясаты мәселелері басқармасы, жастар ресурстық орталығы, «Jas Otan» жастар қанаты бірігіп, біраз бастамаларды жүзеге асырды. Әсіресе, өңірімізде этносаралық татулық пен бірлікті насихаттауға бағытталған «Сыр елі - достық мекені» жобасын, қайырымдылық акцияларын айрықша атап өткеніміз жөн. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында патриоттық тәрбиелік мәні бар кездесулер, ұлттық спорт түрлері бойынша сайыстар өткізілді. Сондай-ақ жастар үшін өз туған жерінің төл тарихын тану мақсатында «Ұлы дала елі» атты тарихи-танымдық экспедиция ұйымдастырылды, – деді Ильдар Гафуров.

Биыл «Жаңғыру жолы» ЖҚ слеті Жаңақорған ауданындағы «Талдысу» лагерінде өткізіліп, жастар үшін түрлі семинар-тренингтер ұйымдастырылды.  

Жыл аясындағы тағы бір жаңалық – облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының бастамасымен «Қайырымдылық керуені» жобасы аясындағы күзгі тал егу экологиялық акциясы болды. Онда «Жаңғыру жолы» ЖҚ мүшелері, этномәдени бірлестік жастары облыстық балаларға арналған аурухана ауласына 200-ден аса тал отырғызды.  

Жылдың жетістігін айтып өткен облыстық ҚХА төрағасының орынбасары кейінгі толқын өкілдері алдағы Волонтер жылы аясында ұйымдастырылатын шараларға да белсене қатысатынына сенім білдірді.

Жастар жылын қорытындылаған форумда бірқатар оқу орындары мен мекемелерге марапат табысталып, шара соңы концертке ұласты.

Соңғы жаңалықтар