Парламент • 23 Желтоқсан, 2019

Сенаторлар аффинаж зауытының қызметімен танысты

191 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы Серік Жақсыбеков бастаған бір топ сенаторлар Сенат Төрағасы Д.Назарбаеваның тапсырмасы бойынша «Тау-Кен Алтын» ЖШС аффинаж зауытының қызметімен танысты. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Сенаторлар аффинаж зауытының қызметімен танысты

Аффинаж зауыты құрылысының жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес 2010-2014 жылдарға арналған Республикалық индустрияландыру картасына енгізілген болатын. Жоба Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес жүзеге асты.

Зауыт технологиясы ТМД аумағында баламасы жоқ әрі жылына 25 тонна алтын мен 50 тонна күміс өндіретін әлемнің озық өндірушілерінен кем түспейтін асыл металдарды басқа металдардың қоспасынан айырудың халықаралық инновациялық әдістемесіне сәйкес әзірленді.

Зауыттың елордада орналасқандығын ескере отырып, аффинаж технологиясын таңдау кезінде пайдаланылатын үдерістердің тазалығына мән беру негізгі өлшемдердің бірі болды. Осыған сәйкес, технологиялық үдерісте пайдаланылатын жабдықпен үйлестіруде асыл металдарды қоспалардан айырудың электрохимиялық әдісі технологиясы таңдалды және экологиялық қауіпсіздік пен өндірілетін өнімнің сапасы 100,0% қамтамасыз етілетін болады.

Сенаторлар халықаралық ынтымақтастық, өнімді сатып алу және оны қайта сату мәселелеріне қатысты сауалдар қойды.

Компания басшылығы өндірілетін өнімді сатуға байланысты қиындықтар бар екенін алға тартты.