Аталған орталықтар үшін техникалық байқау нәтижелерінің деректерін бірыңғай ақпараттық жүйеге енгізу тоқтатылды.
Бұдан басқа, міндетті техникалық байқау саласында жосықсыз жарнаманы анықтау бөлігінде жарнама сайттарына мониторинг жүргізіледі. Бұл жарнама берушілер Ресей Федерациясы, Армения Республикасы, Қырғыз Республикасы және т. б. басқа мемлекеттерде тіркелген отандық көлік құралдарына техникалық тексеру жүргізбестен диагностикалық карталарды беру бойынша қызметтер көрсетеді.
Мұндай диагностикалық карталар Көлік құралдарын тексерудің өзі болмауына байланысты жарамды емес.
Техникалық байқау орталықтарынан тыс диагностикалық карталарды алу не белгісіз адамдардан сатып алу жол-көлік оқиғалары, адамдардың өлімі, жарақаттануы немесе азаматтардың материалдық құндылықтарына зиян келтіру сияқты салдарларға әкеп соғуы мүмкін.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты, Көлік комитеті көлік иелерінен міндетті техникалық байқаудан өту үшін автокөлікті техникалық байқау орталықтарына беруді сұрайды.
Қазақстан Республикасы заңнамасының барлық талаптарына сәйкес келетін техникалық байқау орталықтарының тізілімімен ҚР ИИДМ көлік комитетінің сайтында немесе "техникалық байқау" бірыңғай ақпараттық жүйесі операторының сайтында танысуға болады