Президент • 23 Желтоқсан, 2019

Президент қырғыз режиссері Болот Шамшиевтің отбасына көңіл айтты

245 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Президенті қырғыз халқының аса көрнекті режиссері Болот Шамшиевтің қайтыс болуына байланысты оның отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Президент қырғыз режиссері Болот Шамшиевтің отбасына көңіл айтты

«Болот Төленұлы әлемдік кино өнерінде өшпес із қалдырды. Ол екі ел арасындағы ғасырлар бойы қалыптасқан достық пен бірлікті нығайтуға зор үлес қосты. Ол сахналаған қазақ әдебиеті мен драматургиясы классиктерінің шығармалары Қазақстан мен Қырғызстан халықтарының ортақ мәдени мұрасына айналды. Болот Шамшиевтің есімі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады деп сенемін», – делінген жеделхатта.