Қоғам • 24 Желтоқсан, 2019

Шығыс Қазақстан облысында «Antikor ortalygy» ашылды

283 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы А.Шпекбаев және Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д.Ахметовтің қатысуымен халықпен жедел кері байланысты қамтамасыз ететін ерекше «ANTIKOR ORTALYGY» сервистік орталығы ашылды.

Шығыс Қазақстан облысында «Antikor ortalygy» ашылды

Бұл жоба азаматтарға ашық және кедергісіз қызмет көрсету арқылы қажетті мәселелер бойынша құқықтық көмек пен кеңестер алуға мүмкіндік береді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сервистік орталық мемлекеттік органның азаматтар үшін ашықтығын, айқындығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, «оpen space» және фронт-кеңсе форматында жұмыс істейді.

Сервистік орталыққа келушілерді «Antikor ortalygy»-мен таныстыратын жаңа ұрпақ өнімі – сөйлейтін голограмма қарсы алады (үш өлшемді бейнені көрсететін лазердің көмегімен жасалатын көлемді бейне).

Ашылу рәсімінде сөз сөйлеген Агенттік Төрағасы Мемлекет басшысының «Халық үнін еститін мемлекет» қағидаты бойынша міндеттерін іске асыру аясында ашықтық, есептілік және қоғамдық диалог құру алдыңғы орынға шығатынын атап өтті.

«Бүгін Сіздер Агенттіктің осы бағыттағы кезекті қадамының куәсі болдыңыздар. Өзімізді ашық құқық қорғау органы ретінде көрсете отырып, біздің органды репрессивті орган ретінде қабылдайтын қалыптасқан пікірді жоққа шығарудамыз. Агенттіктің жаңа ғимараты заманауи форматта жабдықталған», деді А.Шпекбаев. 

Осы күні Агенттік Төрағасының құқық қорғау, арнайы және басқа да мемлекеттік органдардың, облыстық қоғамдық кеңестің, ардагерлер кеңесінің басшыларымен, жұртшылықпен, арнайы мониторинг топтарының мүшелері мен БАҚ-мен кездесті.   

Жұмыс кездесуі аяқталған соң А.Шпекбаев азаматтық қоғам және БАҚ өкілдеріне белсенді азаматтық ұстанымдары мен елдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі бағыттарын түсіндіргендері үшін алғыс хаттар табыстады.

Сонымен қоса, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы балаларға түсіндіруге арналған «Сатылмайтын Алпамыс» атты компьютерлік ойындарды әзірлеген К.Елубаев пен оның ұлы А.Амангелдиев те марапатқа ие болды.