«Еуролиганың кезекті туры аясында қазақстандық «Айсулу» әйелдер командасы кестенің жоғары бағанында тұрақтады. Олар HK SZ Olimpija Ljubljana словениялық командасын 12:0 есебімен ойсырата жеңді. Бұдан соң, клуб Польшаға жол тартып, Team Poland – Silesia Brackens-ке қарсы екі матч өткізді. Екі ойын да 5:1 және 2:1 есептерімен жеңіспен аяқталды», делінген хабарламада.
ҰОК нақтылағандай, келесі ойындарды команда 2020 жылдың 15-23 ақпаны аралығында өткізетін болады.