«Президенттік жастар кадрлық резервін құру қажеттігін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сайлауалды бағдарламасында атап өткен болатын. Сол кезде Мемлекет басшысы резервтің жастар үшін тиімді әлеуметтік лифтіге айналуы тиіс екенін айтқан еді. Іріктеуге түрлі салалардың өкілдері, түрлі кәсіп иелері қатыса алады. Олар міндетті түрде мемлекеттік қызметкер болуы шарт емес, квазимемлекеттік сектор, жекеменшік сектор, азаматтық қоғам өкілдері бола алады. Комиссия отырысында эксперттік комиссия ұсынған кандидаттар қаралды және 300 жас қазақстандық іріктеліп алынды» деді Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, резервке енген жастар мемлекеттік басқару жүйесінегі жауапты қызметтерге тағайындалады.
Жоба жеңімпаздарының толық тізімін Президенттік жастар кадр резервінің ресми сайтынан көруге болады.