Қоғам • 27 Желтоқсан, 2019

Алматыны ауыз сумен қамту қай деңгейде?

356 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алма­ты қаласын дамытуға бағыт­талған кеңесте ша­һар­дың әлеуметтік-эко­но­микалық табыстары ең әуелі қаладағы инфрақұ­рылымдық қызмет сапасын жақсартудан басталаты­нын айтып, бұл бағытта бір­қатар тапсырма берген болатын. Осы ретте күн са­нап аумағы артып ке­ле жат­қан мегаполистің ауыз су мәселесі мен кәріз жүйе­сінде қандай мәселе бар?

Алматыны ауыз сумен қамту қай деңгейде?

Соңғы жылдары қаладағы өн­дірістік және технологиялық үдерістер заманға сай жаңарып келеді. Қолға алынған тың бас­тамалар кәсіпорындарға ғана емес, ең әуелі тұрғындар үшін тиімді. Бұл бағытта жүзеге асқан «Цифрлы су арнасы» жүйесі сала­дағы бірқатар қызмет көр­сету жұмыстарын едәуір жеңіл­де­тіп отыр. Мәселен, «Ал­ма­ты Су»­ мекемесі қала әкім­ді­гінің қол­­дауымен «Сумен жаб­дық­тау­дың жиынтық баланс жүйе­сі», «Сорғы стансаларының тех­но­логиялық процестерін автоматтандыру және диспетчерлеу», «Су есептейтін жал­пы­­үй­лік ақылды аспаптарды орнату» секілді үш бірдей жо­ба­ны қолданысқа енгізген. Жүр­­гізілген зерттеу нәтижесі атал­­ған жоба су шығыны мен апат­ты жағдайлардың санын азай­туға айтарлықтай септігін ти­гізгенін көрсеткен. Сондай-ақ бұл жұмыстар құбырлардың то­зу деңгейін төмендететіні анық­тал­ды.

Жасыратыны жоқ, сала мамандары қаладағы құбырлардың 60 пайыздан астамын айырбастау қажеттігін айтып жүр. Тозығы жеткен құбырлар тұрғын­­дар­дың өміріне қауіпті. Апат­ты жағ­­дайлардың алдын алу мақса­тында кәсіпорын жылына шамамен 20 шақырым құбырды жөн­деуден өткізеді.

Алматылықтарға ұсынылатын судың 30 пайызы тау өзендерінен, ал қалған 70 пайызы тереңдігі 150 метрден 500 метр­ге дейінгі ұң­ғымалардан алынады. Тау суы күрделі тазалау кезеңінен өтеді. Су тұндырылып, сүзудің бірнеше сатысынан өтіп, одан әрі натрий гипохлоритімен, яғни қарапайым тұзбен зарарсыздандырылады. Химиялық құрамы бойынша Алматы қаласының ауыз суында адам ағзасына өте қажетті табиғи микроэлементтер жетерлік. Тиісінше ағзаға кері әсер ететін ауыр металдар, фенолдар және мұнай өнімдері жоқ.

– Алматы қаласындағы судың сапасы кепілдендірілген. Бір сөзбен айтқанда, су бактерио­логия­лық және химиялық көр­сет­кіштер бойынша қауіпсіз. Аттес­тациядан өткен өндірістік зерт­хана су сапасына тәулік бойы бақылау жүргізіп отыра­ды. Алдымызға қойған бас­ты мақ­­сатымыз – халықты үз­дік­­сіз, сапалы ауыз сумен, кә­різ­ жүйесі қызметімен қам­та­ма­сыз ету. Республика аума­ғын­­дағы қалалардың ішінде ең­ төмен тарифтердің бірі – Ал­ма­ты қаласында. Осы жы­лы техникалық шығынды оңтай­ландырып, қажетті жөндеу жұ­мыс­тарын жүргізу арқылы та­рифті 10 пайызға қысқарту мүм­кін болды. Бірнеше тазарту сатысынан өткен 1000 литр сапалы ауыз судың бағасы 50 теңге тұрады, ал кәріз қызметі 25 тең­­гені құрайды. Соңғы жыл­­дары қалалық бюджеттен 400 ша­қы­рымға жуық су құбы­ры са­лынды. «Қал­қаман», «Дос­тық», «Алты Алаш» секілді шағын аудан­дарда суық су мә­селелері толығымен шешілу­де. Сондай-ақ «Ұлжан», «Тау­гүл», «Шаңырақ» ша­ғын аудан­дарында суық суға қосылу жұ­­­мыс­­тары шешімін тапты. Биыл «Әй­ге­рім», «Ақбұлақ», «Құ­ры­лыс­шы», со­ны­мен қатар Ала­­тау ауданындағы бір­­шама шағын аудан тұрғындары да сапалы суық суға қол жеткізеді. Ме­деу, Жетісу, Түрксіб аудандарында да инженерлік желілер жүргізілуде. Қала әкімінің жеке қолдауымен, осы жылы Наурыз­бай ауданының 4 ша­ғын ауданында инженерлік желі­лер­­ді жүргізу жұмыстары басталды. Ор­та­лық­­тандырылған желілер дегеніміз – ең бас­тысы, қолайлылық пен сапа белгісі. Белсенді жұмыстардың нәти­же­сінде 70 мыңға жуық тұрғын сапалы суық суға қол жеткізеді, – дейді «Алматы Су» мем­ле­кеттік коммуналдық кә­сіп­орны­ның бас­па­сөз қызметі.

Шаһарда суды заңсыз қосып алатын­дар мен құдықшалардың қақпағын қолды ету фактілері тыйылмай тұр. Кәріз жүйесінің шойын қақпақтарын ұр­лау мә­селесі жалпы қала үшін үлкен про­б­лема деуге болады. Себебі темір қақ­пақтардың ұрлануы жол апаты мен жа­затайым оқи­ғаларды жиілетеді. Бұл жайт­ты нысанға алған мамандар тех­ника­лық мүмкіндігі бар аумақ­тар­ға ком­по­­зициялық мате­риал­­дардан жа­салған люк қақ­пақ­тарын орната бас­та­ған. Қа­уіп­­­­сіз­дік мақсатында еліміз бо­йын­ша алғашқы болып  тұрғын үй аула­­лары мен тро­туарларға тор түріндегі қо­сымша қақ­пақ­тар да қойылуда.

Қазіргі таңда қала аумағын тұтастай дер­лік ауыз сумен жә­не кәріз жүйесімен қам­тып отыр­ған мекеме «Цифрлы су арнасы» бағытын іске қосқан. Осы­­ның негізінде нысандар мен же­лі­лер­дің электрон­ды картасы құ­рылып, бар­лық қызмет­кер осы бірыңғай желіге қо­сыл­ған. Олар нақты уақыт режімінде әр құ­­быр учас­кесіне, әрбір нысанға си­­пат­тама бере алады. Желінің қа­лай орналасқаны, онда қан­дай жөн­­деу жұ­мыс­тары жүргізілгені, қан­дай жөн­деу­лер қажет екені тұ­тастай элек­тронды картада көр­сетілген. Яғни, онда құбырлар ға­на емес, оның толық сипаттамалары да қоса берілген. Сонымен қа­тар ақпараттар да күн сайын жаңар­тылып, толықтырылып оты­рады.

 

АЛМАТЫ